№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДИҚАНШЫ ДИНАСТИЯСЫ

ДИҚАНШЫ ДИНАСТИЯСЫ

    Балғынбайдың әкесі Серікбай өмірін ауыл шаруашылығына арнап, мал шаруасын дамытып, төрт түлік түлеткен шаруа кісі болған. «Әке көрген оқ жонар» демекші, әкесіне қолқанат болып өскен ол шаруаға ерте жастан араласады. Тәуелсіздік алған алғашқы тоқырау жылдары совхоздар тарап, ауыл халқы түрлі кәсіппен айналысып кетеді. Әсіресе, шаруаның көбі егінмен айналысып, несібесін жерден теруге көшеді. Сол жылдары мектепті енді тәмамдаған жас жігіт аудандағы СПТУ-дан жүргізушілікті оқып, дипломын алған соң еңбек жолын егіс даласынан бастайды. Содан бері 22 жыл бойы егіс даласында аянбай тер төгіп, нәсібін жерден айырған егіншінің бүгінде еңбегі еленіп, марапат биігінен көрініп отыр. 
– Мен мектеп бітірген жылдары тоқырау болып, ауыл халқының үлесіне жер берілді. Сол жерден біз де өз үлесімізді алып, жерге егін салуды бастап кеттік. Бастапқыда тау етегінен жер алып, картоп, пияз салдық. Кейіннен сұранысы жоғары болғандықтан, қарбыз, қауынға көштік. Жер ана ерінбей еңбек еткеннің несібесін жемейді. Шүкір, жиырма жылдан аса уақыт болды осы кәсіппен отбасымды асырап келемін, – дейді Балғынбай Серікбайұлы.
Еңбекке құштар азамат өзінің ептілігі мен жауапкершілігінің жоғарылығының арқасында бірнеше жыл «Құмсуат» шаруа қожалығында бригадир болып жұмыс атқарады. Шаруа қожалық қарамағындағы 50 гектар жерді диқандарға үлестіріп, оның аяқ суының қажеттілігін де өз жауапкершілігіне алып, қожалықтың ісін өрге домалатады.
– Балғынбай 22 жылға жуық егінмен айналысып жүрген, өз ісінің маманы. Оның жұмыстан шаршаған уақытын байқаған емеспін. Өйткені, ол қасиетті қара жердің қадірін түсінеді. Оған жүктелген міндет аяқсыз қалған емес, осыған дейін өзі егіс даласының басы-қасында жүріп бригадир болды, – дейді «Құмсуат» шару қожалығының төрағасы Мақсұт Төрегелдиев.
Қарапайым еңбекті қадір тұтқан диқаншы отбасында ардақты әке, бір шаңырақтың отағасы. Жолдасы Сабила екеуі алты ұл-қызды өсіріп, өнегелі тәрбие беруде.
Иә, қандай қоғам болмасын, оның әміршісі – еңбек. Адал тер төгіп, еңбек еткеннің жүзі жарық, мерейі үстем, жолы ашық болары анық. Міне, осы тұрғыда Балғынбай Көкетовтың тынымсыз еңбек жолы көпке үлгі болатыны хақ.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
27 қазан 2018 ж. 1 695 0