№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ШАШТАРАЗШЫ


ХХІ ғасырдағы өркениеттің өлшемінің бірі – кәсіпкерліктің дамуында. Өйткені, уақыт ағымына тез бейімделе алатын шағын және орта бизнес мемлекеттің негізі қуаты. Сондықтан, мемлекет басшысы кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндіктің кеңейе түсуіне мән беруде. Осындай жауапкершілікті терең түсініп, он жылдан бері төменарықтықтарға қызмет ететін Жаңыл Дәуренбекованы кейіпкер еттік.
Жеке кәсіп ашуды көздеген Жаңыл қолына қайшысы мен тарағын алып, өз күшімен шаштараз ашып, тұрғындарға қызмет көрсете бастайды. Бұрындары шаш қидыру үшін ауылдан аудан орталығына келетін халық бүгінде алыс жолға шықпай-ақ, қызмет түрін ауылдан алуда.
– Нәсіпті кәсіпкерліктен көруді ұйғардым. Сосын шаштараз оқуын оқып, шаш қиюдың әдіс-тәсілдерін меңгердім. Алғашында қиындықтар болды. Ауданға барып үйреніп қалған тұрғындар кейіннен бір-бірінен естіп, шаш алдыруға маған келе бастады, – дейді Жаңыл Аманқызы.
Ол Төменарықтың тумасы. Ауылдағы №53 орта мектепті бітіргеннен кейін Тараз қаласындағы «Өркениет» колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алады. Одан әрі Оңтүстік Қазақстандағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде білімін жетілдіреді. Қос дипломы болса да жеке кәсіппен айналысып, халыққа қызмет көрсетуді құп көрген кейіпкеріміз бүгінде Төменарық ауылдық клуб үйінің бір бөлмесін жалға алып, уақытпен санаспай тұрғындарға қызмет көрсетіп, кәсібінің нәсібін көруде.
– Ауылдан шаштараздың ашылғаны тұрғындарды қатты қуантты. Халық арасындағы қолжетімділік артып, барлығы жақын жерден шаш қидыратын болды. Әсіресе, оқушыларға өте қолайлы. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғаса берсе нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ауыл тұрғыны Шәмші Бекназаров.
Иә, күніне оннан аса тұрғынға қызмет көрсететін кейіпкеріміз шаш сәндеудің қыр-сырын меңгеріп, шаш қиюдың соңғы үлгілеріне дейін үйреніп алған.
– Қазіргі жастардың талғамы жоғары. Олардың қалауы бойынша шаштарын қиып, бояп, әрлеп беремін. Халық талғамы жоғарылаған сайын сұраныс та арта түседі. Осыған орай, мен де бір орында қалып қоймас үшін қосымша оқуға барып, шаш үлгісінің жаңа қырларын меңгеріп отырамын. Ең бастысы – тұрғындардың разылығы, – дейді, Жаңыл ағынан жарыла.

Р.S.: Қиындыққа қаймықпай еңбек етіп, кәсібін өз күшімен қолға алған нәзік жанды кейіпкеріміздің бастамасына сәттілік тілеп, еңбегінің көркейе беруіне біз де тілектестігімізді білдірдік.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
22 мамыр 2018 ж. 2 050 1

Гость Jeahulalf от 4 ақпан 2019 00:47
Virgra For Men Propecia 1mg Tablets tadalafil cialis from india Propecia Irreversible Schaden Levitra Con Otros Medicamentos Cialis Kaufen In Hamburg Viagra Quale Dosaggio Tooth Abcess And Amoxicillin viagra Cerco Levitra Online Buy Amitriptyline Without Prescription Purchase Propecia Canada Doxycycline Cod Accepted Website Acheter Kamagra 100mg Dutasteride Duagen In Internet Price cialis without prescription Male Erection Pills Online Cialis Preis Apotheke isotretinoin delivered on saturday Hawaii Prix Cialis 5mg Cpr 28 Forum Cialis Tadalafil Diflucan cialis 40 mg Que Es La Viagra Femenina Cialis Forum Panorama To Purchase Cialis In Australia viagra Z Ou Acheter Kamagra A Montreal Purchase Prednisone W Not Prescription Silagra canadian pharmacy cialis 20mg Keflex Bronchitis Blastofen 20mg Comprare Viagra On Line Italia