№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП

2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Қызылорда АҚ филиалы Жаңақорған ауданынан 95 жоба ұсынылған. Оның ішінде, 56 жоба 153 млн теңгеге қаржыландырылған. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев мәлімдеді.
– Жыл басынан бері кәсіпкерлерді жаппай қолдаудың нәтижесінде өңірде кәсіпкерлік кең қанат жайып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда. Мәселен, 2014 жылы өзінің икемді кепілдік саясаты бар, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздарды несие ресурстарымен қамтамасыз ете алатын Аймақтықинвестициялық орталық құрылғаны белгілі. Міне, биылғы жылдың өзінде Аймақтық инвестициялық орталықты қаржыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылған.  Оған қоса, 540-тан астам тұрақты жұмыс орындары ашылған. Бұл да болса бизнес саласындағы оң өзгерістердің ілкімді екенін айқындайды, – дейді Марлен Бақытұлы.
Сондай-ақ брифинг барысында «Бастау-бизнес»жобасының түлектері тек оқып қана қоймай, бизнес-жобаларының жүзеге асуына қарқынды қарекет жасап жатқаны белгілі болды.
– «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты үстіміздегі жылы ауданнан 75 жоба ұсынылған. Осы жобалардың ішінен құны 21 миллион 127 мың теңгені құрайтын 19 жоба грантты жеңіп алған. Оның екеуі «Бастаулық» түлектер. Алдағы облыстық комиссияның шешімімен жеңімпаз грант иелері қомақты қаржыға қол жеткізу арқылы, кәсіптерін бастайтын болады, – деген кәсіпкерлер палатасының директоры бұдан бөлек кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көптеген қаржылай қолдау көрсетілгенін тілге тиек етті.
Мәселен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 204 жоба несиелендіру үшін «Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымына ұсынылды. Оның ішінде 104 жоба мақұлданған. Бүгінгі таңда 47 жоба 146 млн теңгеге қаржыландырылған. Мұнда да «Бастаулықтардың» жеті түлегінің бизнес-жобалары үздік деп танылған.
Сонымен қатар,  филиал директоры ынталы кәсіпкерлерді оқыту курстары арқылы біліктілігін арттыруға жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
– «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында  «Бизес Кеңесші» жобасы бойынша оқу курсын жыл басынан 138 азамат оқып, сертификат алды. Ал «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 2 бағыты «Бастау Бизнес» жобасын жыл бойына 127 азамат оқып бітірді, – деді Марлен Нұртазаев
Бұдан бөлек, «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалындағы кеңесшілер қаржылай емес қолдау көрсету саласы бойынша жыл басынан бері 481 азаматқа 1304 мемлекеттік бағдарлама жөнінде түрлі кеңестер беріп, және шағын және орта кәсіпкерлерге  238 бизнес  жоспар жасап, 182  сервистік көмек көрсеткен.
Иә, бұл аудандық кәсіпкерлер палатасының жергілікті билікпен бірлесе отырып атқарған шаруасы. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, өңірдегі көшбасшылық көрсеткішті сақтап қалады деген сенім мол. Ең бастысы – халықты жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және  басқа да белсенді шаралар арқылы шешуге ықпал ете отырып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды пайдалы еңбекпен  барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз етуге ілкімді істерді жалғастырса игі.
Әбдісамат ӘБДІШ.
24 тамыз 2018 ж. 1 350 0