№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІК: ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ негізі

КӘСІПКЕРЛІК: ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ негізі

«Өздеріңіз білесіздер, әкімдіктің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, Қоғамдық кеңестің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018 жыл облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып жарияланды. Біз кешенді «Жол Картасын» әзірледік, соның нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде». Бұл аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың 2018 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған әлеуметтік-экономикалық қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың кезекті ХХІ-сессиясында сөйлеген сөзі.
Жыл басынан бері кәсіпкерлерді жаппай қолдаудың нәтижесінде өңірде кәсіпкерлік кең қанат жайып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда. Мәселен, 2014 жылы өзінің икемді кепілдік саясаты бар, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздарды несие ресурстарымен қамтамасыз ете алатын Аймақтық  инвестициялық орталық құрылғаны белгілі. Міне, биылғы жылдың өзінде Аймақтық инвестициялық орталықты қаржыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылған. Оған қоса, 540-тан астам тұрақты жұмыс орындары ашылған. Бұлда болса бизнес саласындағы оң өзгерістердің ілкімді екенін айқындайды.
Әрине бұл бағытта маусым айында өңір басшысының өзі бастап облыстың барлық аудандарын жұмыс сапарымен аралап шығып, аудан басшылары мен жауапты кураторлардың шағын кәсіпкерлікті дамыту жоспарларымен танысып, жұмыстарын тыңдаған болатын. Айта кету қажет, қабылданған шаралардың алғашқы нәтижелері жемісін беруде. Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілер 11 пайызға көбейген. Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр.
Өңірден ауданған ойыссақ. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік саласында алты айда бағындырған белесін бағамдасақ. Аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмысының негізгі бағыты ретінде; кәсіпкерлікті дамыту, ауылдың экономикасын әртараптандыру, ауылшаруашылығы саласына инновациялық технологияларды енгізу мен агро-индустриялық аймақ құру, инвестиция тарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету барысына батыл қадам жасады. Әсіресе кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөліп, ынталы кәсіпкерлердің бизнесін бастауға қолайлы жағдай жасады. Міне, соның нәтижесінде бұл салада облыста көш басындамыз.
6 АЙДА 455 КӘСІПКЕРЛІК СУБЬЕКТІСІ ТІРКЕЛГЕН
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 1шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3753-ті құраған. Оның 254-і заңды тұлға, 1327-і шаруа қожалығы, 2172-і жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 3575 бірлікке, ал жұмыспен қамтылған адамдар саны 9235 адамға жеткен. Жалпы ағымдағы жылдың алты айында 455 бірлік шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Ендігі кезекте, нақты көрсеткіштерді тарқата айтсақ.
Біріншіден, бүгінде жер асты қойнауы қазба байлықтарға толы Сыр елінің келешегі кемелденіп, индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жоспарлы жұмыс қарқын алуда. Әрине, бұл тұрғыда Жаңақорғанның жер асты байлығы пайдалы қазбаға мол екені айқын.
Осы тұста ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2018 жылдың 1 шілдесіне 38282,9 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 93,4 пайызды құраған. Ал өңдеу өнеркәсібін өнімдерін өндіру 2018 жылдың 1 шілдесіне 20504,6 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 94,5 пайызды құрады.
Жалпы өнеркәсіп бойынша тұтас нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі мен кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Олардың аудандық өндіріс көлеміндегі үлесі сәйкесінше 53,5 және 44,0 пайыз.
Айта кету керек, біздің аудан табиғи қазба байлықтары  уран, әктас және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді. Оған қоса, облыста жол құрылысына қажетті шағыл тас пен құмды қиыршық тасты Жаңақорған ауданы аумағындағы карьерлерде өндірілуде. Бұл бағытта кен өндірумен 9 мекем, қалған20 орта және шағын өнеркәсіп кәсіпорындары табиғи қазба байлықтарды өндіруде.    
Екіншіден, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 250 жоба бойынша несие алу жұмысы жоспарланған. Бұл жөнінде бізге аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Диас Фейзулдаевтан білдік. Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаның ІІ-бағыты «Бастау Бизнес» жобасына 92 адам оқып, сертификатын алса, «Бизнес-кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 129 адам оқытылған.
– Бүгінгі таңда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 1029,5 млн теңгенің 221 жобасы несиелендіру үшін «Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымына ұсынылды. Осының ішінен 255,5 млн теңгенің 86 жобасы мақұлданып ішінара қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне 176 млн теңгенің 56 жобасы бойынша несие алынып, жұмыс жүргізілуде, – деді Диас Фейзулдаев.
Үшіншіден, ағымдағы жылы «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 40,0 млн. теңге болатын 2-жоба  несиемен қаржыландырылған. Сала басшысының міндетін атқарушы Диас фейзулдаевтың айтуынша, бүгінгі таңда одан басқа 5-жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктерде қаралып жатыр екен.
Төртіншіден, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты үстіміздегі жылы ауданнан 75 жоба ұсынылған. Осы жобалардың ішінен құны 21 миллион 127 мың теңгені құрайтын 19 жоба грантты жеңіп алған. Алдағы облыстық комиссияның шешімімен жеңімпаз грант иелері қомақты қаржыға қол жеткізу арқылы, кәсіптерін бастайтын болады.
Иә, бұл Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік саласының 6 айында атқарған шаруасы. Алдағы уақытта бұданда биік белестерді бағындырып, өңірдегі көш басшылық көрсеткішті сақтап қалады деген сенім мол. Ең бастысы – халықты жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және  басқа да белсенді шаралар арқылы шешуге ықпал ете отырып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды пайдалы еңбекпен  барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз етуге ілкімді істерді жалғастырса игі.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
24 шілде 2018 ж. 1 042 1

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 05:53
Herbal Propecia Prescription Kamagra Oral Jelly Boots Kamagra Uk http://drugsed.com Need To Order Levothyroxine 125 Mcg Is Kamagra Good