№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ: ҮШ ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ: ҮШ ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

Сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыста жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында саланың дамуы мен өзекті мәселелерін талқылау мәжілісі өткен болатын. Алқалы жиында өңірде 2018-2020 жылдары жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жарияланды. Өз кезегінде бізде айтулы ақпарға орай, аудандағы сала басшылары мен кәсіпкерлердің пікірін тыңдаған едік.
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕДІ
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жалпы ішкі өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін көбейту үшін облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, Қоғамдық кеңес пен Кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен Кәсіпкерлікті қолдау жылы үш жылға ұзартылғаны қуанышты жаңалық. Алқалы басқосуда аймақ басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселенің шешілетінін айтты. Бірінші, салық базасының ұлғаюы, екінші, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, үшінші қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы. Бұл бағытта аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен Жаңақорған ауданында ілкімді іс бар. Әсіресе кәсіпкерлікке ынталы жастарға қолдау айрықша. Соның бір айқын көрінісі. «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты үстіміздегі жылы ауданнан 75 жоба ұсынылған болатын. Осы жобалардың ішінен құны 21 миллион 127 мың теңгені құрайтын 19 жоба грантты жаңақорғандық кәсіпкерлер жеңіп алды. Алдағы облыстық комиссияның шешімімен жеңімпаз грант иелері қомақты қаржыға қол жеткізу арқылы, кәсіптерін бастайтын болады.
Қаржыбек БҮРКІТБАЕВ,
аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.
ИГІ БАСТАМА ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмысының негізгі бағыты ретінде; кәсіпкерлікті дамыту, ауылдың экономикасын әртараптандыру, ауылшаруашылығы саласына инновациялық технологияларды енгізу мен агро-индустриялық аймақ құру, инвестиция тарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету барысына батыл қадам жасады. Әсіресе кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөліп, ынталы кәсіпкерлердің бизнесін бастауға қолайлы жағдай жасады. Міне, соның нәтижесінде бұл салада облыста көш басындамыз. Енді міне, Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» үш жылға ұзартылуы кәсіпкерлер үшін үлкен демеу. Алдағы уақытта сала серпінді дамып, қарқынды қуат алары айқын. Өйткені, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылына» орай, арнайы кешенді «Жол Картасы» әзірленгені, соның нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделгенін жеткізді. Мемлекеттің осындай қомақты қолдауын сезіну үшін кәсіптің тетігін тауып, қарекет жасау керек.
Арман МАЖИТОВ,
аудандық мәслихат депутаты, жас кәсіпкер.
ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ АРТА ТҮСЕДІ
Жыл басынан бері кәсіпкерлерді жаппай қолдаудың нәтижесінде өңірде кәсіпкерлік кең қанат жайып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда. Мәселен, биылғы жылдың өзінде Аймақтық инвестициялық орталықты қаржыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылған.Оған қоса, 540-тан астам тұрақты жұмыс орындары ашылған. Бұл да болса бизнес саласындағы оң өзгерістердің ілкімді екенін айқындайды. Ендігі кезекте, өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» үш жылға ұзартылғаны айшықты оқиға. Өйткені, ынталы кәсіпкерлердің аяққа нық тұруы үшін бұл үлкен мүмкіндік. Біздің мекеме бұл бағытта кәсіпкерлерді оқыту курстары мен құқықтық кеңес беру қызметімен қамтамасыз етуде. Нақтырақ айтсақ, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 250 жоба бойынша несие алу жұмысы жоспарланған болатын. Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы аталмыш бағдарламаның ІІ-бағыты «Бастау Бизнес» жобасына 92 адамды оқытып, сертификатын берсе, «Бизнес-кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 129 адам оқытылды. Алдағы уақытта қолдау шаралары жалғасын табатын болады.
Марлен НҰРТАЗАЕВ,
аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры.
05 тамыз 2018 ж. 1 638 0