Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өткен жылдың нәтижесі бағаланды

Өткен жылдың нәтижесі бағаланды


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің және облыстық Қоғамдық кеңестің бірлескен кеңейтілген отырысында 2018 жылы атқарылатын Іс-қимыл жоспарын ұсынды. Сондай-ақ, өңірде кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мақсатында «2018 жылды жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялауды алға тартты.
Алдымен аймақ басшысы 2017 жылы атқарылған жүйелі жұмыстарын сөз етті.
Бүгінде Қызылорда облысы – қарқынды дамып келе жатқан, ішкі потенциялы мол, перспективалы аймаққа айналды. Яғни, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейту, өндірісте заманауи технологияны енгізу, ауылшаруашылығы саласын ғылымға негіздеу және т.б жұмыстар жемісін берді. Мәселен, соңғы бес жылда кәсіпкерлік саласын қолдау 6 пайызға өсіп, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасалды. Ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 42 пайызға, күрішті экспорттау 45 пайызға жетті. Төрт түліктің ең көп болған кезеңі 1993 жылдан 43 пайызға асты. Қазір Сыр бойы буферлік аймақтан шығып, төрт түліктің етін эскпортқа шығаруға мүмкіндік алды. Қызылорда қаласында 14 шағын аудан бой түзеді. Яғни, құрылыс көлемі 3,5 есеге, облыс орталығында 8 есеге артты.
Енді өтпелі кезеңде сандық технологияның игілігін дұрыс қолдана алсақ, Сыр өңірі көшбасшы облысқа айналады. Ендеше, қызмет көрсетудің барлық түрін цифрландыру міндеті тұр. Мұндай талап үдесінен шығу міндет екенін ескертті өңір басшысы.
Облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Наурызбай Байқадамов, Қоғамдық кеңес мүшесі Нұрмұрат Ерманов және «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы Әлима Әбдіхалықова облыс әкімінің атқарған жұмыстары жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Одан кейін бірлескен кеңейтілген кеңестің модераторы, Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов қоғамдық институттың 2017 жылы атқарған жұмысы жайында баяндады.
– Қоғамдық кеңестің жыл ішінде 6 отырысы өткізіліп, 10 мәселе қаралды. Жыл бойы 71 нормативтік құқықтық актіге ұсыным беріліп, 91 хат тіркеуге алынып, жұмыс жасалды. Жалпы, Қоғамдық кеңес отырыстарында облысты газдандыру, тариф мәселесі, аймақтағы қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы, полиция қызметкерлерінің әдеп нормалары, әділет органдарымен көрсетілетін кейбір мемлекеттік қызметтері бойынша заң бұзушылықтар және нормативтік құқықтық актілерінде сәйкессіздіктің орын алуы қаралды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының қолданыстағы уақытын, сағаттық белдеу шекарасын өзгерту және Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру жайы талқыланды. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы қаралды, – деді Самұрат Жұманұлы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким «2018 жылды облыс бойынша жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялау туралы» хабарламасын ортаға салды.

ТҮЙІН. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімінің мерейін асырып: «...Қырымбек Көшербаевтың баяндамасынан кейін ол сияқты баяндама жасау қиын. Оған жете алмайсыңдар...», деген еді. Әрине, Елбасының мұндай мадақтамасы Сыр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстардың оң бағасы деуге болады. Мәслихат, партия мен Қоғамдық кеңестің бірлескен кеңейтілген отырысына қатысқандар Тұңғыш Президенттің ойын қуаттап, 2018 жылы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілесті...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
13 ақпан 2018 ж. 1 360 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 12:48
Amoxil 500 Mg Dosage Viagra Generique Paypal zoloft Donde Comprar Propecia 500g Of Amoxicillin Used For Stds

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 14:03
Actos From India viagra online Pak