№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНІМДІЛІК – «АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯДА»

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНІМДІЛІК – «АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯДА»


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының үшінші басымдығында «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» деген тармағы бар. Яғни, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталған.
Президент ғылым мен сандық технологияның бүгінгі жетістіктерін ауыл шаруашылығы саласына бағыттаудың маңыздылығын ескеріп, тиісті құрылымдарға тапсырма берді. Олсыз өнімділікті арттыру мүмкін емес.
Түсінікті болу үшін АҚШ, Канада, Бразилия және Аустралия секілді дамыған елдердің тәжірибесіне тоқталсақ. Аталған елдерде ақылды технологиялар ауыл шаруашылығы саласын түбегейлі өзгертті. Мәселен, цифрландыру жүйесі автоматтандырылған фермалар құруға жол ашты. Мұндай шаруашылықтар заманауи геоақпараттық жүйелер арқылы топырақтың құнарлылығын бақылап, агротехникалық ережелерді ұтымды үйлестірудің нәтижесінде жоғары өнім жинауда. Өнімді IT арқылы экспорттауда. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын сақтай отырып, өткізуге мүмкіндікке ие болды.
Бүгінде әлемде азық-түлік өндіру жөнінен 2-орындағы Бразилия егістіктің жағдайы туралы ақпараттарды беруге қабілетті аппаратар арқылы шығынды 90 пайызға қысқартты. Өнімділікке жеткізетін ауыл шаруашылығы платформасын жасайтын агростартап құруда АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада, Израиль өте белсенді. Аустралияда сәйкестендіру жүйесі арқылы мал өнімдерін қадағалау мүмкіндігі ұлғайды. Бұл түрлі аурулар пайда болған кезде әсер ету және таралу қарқынын төмендетуге ықпал жасайды. Сондай-ақ, Аустралия ауыл шаруашылығы саласында IT пайдалану бойынша алдыңғы қатарлы елдер сантынан. Әсіресе, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануды аустралиялық фермерлер жолға қойған. Айталық, бір фирманың меңгерушісі өзінің компаниясы туралы және жүзеге асырылатын өнім туралы ақпаратты Twitter-де орналастырады. Содан әлгі фермерге желіні пайдаланушылардан тапсырыстар түсіп, танымдылығы артып, табысы арта түседі.
Демек, агроөнеркәсіп жүейсін ғылыммен қатар цифрлы технологияны және IT тиімді қолдану міндеті қосылды. Мұны да Елбасы Жолдауында арқау етті. Бүгінде Үкімет Президент пәрменін сапалы орындаудың тетіктерін пысықтап, Ауыл шаруашылығы министрлігі еңбек өнімділігін арттырудың төрт бағытын анықтап отыр.
Біріншісі, заманауи негізде нүктелі жер өңдеу. Алқаптардың электронды карталары, нақты метеодеректер, сенсорлар және датчиктер, ғарыш мониторингі және басқа да шешімдерді пайдалана отырып, дәлме-дәл егіншілік элементтерін енгізу аясында агроқұрылымдарда нақты технологияларды енгізудің экономикалық моделін әзірлеу, оны субсидиялаудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлау, қанатқақты шаруашылықтарды анықтап, фермерлерді ауылшаруашылық университеттерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен және ауыл шаруашылығын цифрландыру, технологиялар әзірлеумен айналысатын әлемдік компаниялармен бірлесе оқыту.
Екіншісі, шаруашылықтарда нүктелі жер өңдеу технологиясының экономикалық моделін әзірлеп, оларға үйрету және кеңінен тарату, ауылшаруашылық техникасын жедел жаңарту. 2022 жылға дейін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің техникаға деген инвестиция көлемін 240 млрд теңгеге дейін жеткізу мақсатында биылдың өзінде 20 млрд теңгеге ұлғайту.
Үшіншісі, мал шаруашылығын дамыту. Мал басының 57-60 пайызы үй шаруашылығында шоғырланғандықтан, өнімнің 72 пайызы да осы жерде өндіріледі. Сондықтан ұсақ фермерлердің ірі бордақылау алаңдары бар шаруашылықтармен кооперациясын ынталандыру арқылы мал өнімінің сапасы мен тауарлық көрсеткіштерін жақсартып, ет экспортының көлемін арттыру.
Төртіншісі, суармалы жерлерді үдемелі игеру. Қазір суармалы жер көлемі 2,5 млн-нан 1.1 млн. гектарға қысқарды. Оны шартты түрде алқапқа айналдыратын болсақ, 7,0-8,0 млн. гектар жер айналымнан шыққанын көрсетеді. Егер кем дегенде 1 га суармалы жерден 15 центнер өнім алатын болсақ, жыл сайын 1 млн. тоннадан астам астық алынбайды. Сондықтан 65 мың гектарға су беруді қайта қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
Әрине, Үкіметтің көздегені ауыл шаруашылығы саласын бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ол үшін шаруа қожалықтар мобильді қосымшалар, жоғары технологиялы датчиктер, алгоритмдер, спутниктік бақылау сияқты технологияларды кеңінен қолданысқа енгізуі қажет. Бұл үшін заманауи талапқа сай үздіксіз білім алып, ілімін жетілдіріп отыруы тиіс. Міне, біздің шаруалар бәсеке бәсінде биіктен көрінгілері көрінсе, осыған ұмтылғандары абзал.

P.S.: Әрине, космостық міндет-талаптарды қалай қол жеткіземіз дейтін боларсыздар? 2000 жылдары ұялы телефондар шыққанда әрбіріміз қолданамыз деп ойладық па? Бірақ, байланыстың бұл түрі бүгінде әрбіріміздің ажырамас серігімізге айналды. Бұл да сол сияқты. Бір сөзбен айтқанда, заманауи талап-міндеттерді қолданбасақ көш соныңда қаламыз...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
10 сәуір 2018 ж. 1 957 0