№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Диқаншылық кәсіптегі тың бағыт

Диқаншылық кәсіптегі тың бағыт

"Жақсы істі көрмекке, көпке үлгі бермекке" дегендей Жаманбай батыр ауылдық округіне тың тәжірибені көру үшін бағыт алдық. Жол басшы Жаңақорған аудынының әкімі Руслан Рүстемов. Ауылшаруашылығы саласының кәнігі маманы, аудандық мәслихаттың хатшысы Galymzhan Sopbekov те жақсы істі көруге асық. Темір тұлпарды әкімнің баспасөз хатшысы Нурбол Бакиров тізгіндеді.

Жүйіткіген көлік Бесарық елді мекенінен өтіп, Қаратаудың жазыққа жалғазар тұсындағы төбелерге келіп тоқтады. Қазір шаруалар үшін әрбір минут қымбат. Алқапта үш соқаның жүзі жылтырып тұр. Дала төсінде дән себетін трактор іске кірісіпті. Диқаншылық дәстүрі қалыптасқан ауылдың қарекеті көңілді тойдырады. Былтыр бидайдан мол өнім жинағаны белгілі. Биыл мақсарының тұқымын тастауда.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талгат Зейдалиев агросектор саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Әсіресе, әртараптандыру бағытындағы істерде "Пазылбек қажы" шаруа қожалығының жұмысы үлгі екенін атады.

– Ертеден тау бөктерінде диқаншылық дәстүрі қалыптасқанын жақсы білеміз. Соңы жалғастыру маңызды. Осындайда Жапонияның күріш шаруашылығын дамытып отырғаны еске түседі. Жапондықтар үшін күрішті импорттау, өздері өсіріп, өндіруге қарағанда бірнеше есе арзанға түседі екен. Солай бола тұра, олар атакәсіптен бас тартпайды. Неге? Өйткені ұлттық ерекшелікті, діл мен дәстүрді сақтаудың тетігі күріш шаруашылығымен тығыз байланысты. Жапон тіліндегі сөздік ұғымдардың өзі күріш шаруашылығымен тығыз байланысты екен. Екінші жағы, ауыл жастарын еңбекқорлыққа баулып, әлеуметтік жағдайы дұрысталуына әсер етеді. Іске сәт! Мол өнім жинауға тілектеспін! – деді Руслан Рүстемұлы.

Жақсы істі көруге келген Ғалымжан Жарқынбекұлы, сала басшысы Талғат Зейдалиев, ауыл әкімі Әлібек Абдуллаев көктемгі бір күнгі еңбек күздегі мол өнімнің негізі екенін сөз етті.

Шаруашылық өкілі Ерсайын Пазылбекұлы 600 гектар жердің 80 пайызына мақсарының дәні себілгенін айтты. Жаңашылдығы – дәнмен бірге аквагель тасталады. Бұл әдіс топырақтың ылғалдылығын сақтап тұрады.

– Былтыр 2 гектар жерге мақсары ектік. Екі рет жауған жаңбырдың ылғалымен жинап алдық. Сондықтан мақсарыға басымдық беріп отырмыз. Күзде бидайдың тұқымын тастаймыз. Қазір 11 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, – деді шаруашылықтың агрономы Самат Сапарбеков...


16 сәуір 2021 ж. 2 393 0