Құрылыстың қарқыны қалай?
Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев Жаңақорған ауданына келіп, құрылыс объектілерін көріп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов және мәслихат хатшысы Galymzhan Sopbekov пен "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балкожаев әлеуметтік құрылыс нысандарына жол бастады.
Делегация алдымен Шалқия кентіндегі 150 орындықты клуб үйінің құрылысымен танысты.
Клуб үйі жоба бойынша екі этажды. Онда үйірмелер, ауылдық кітапхана жұмыс істейтін болады. Басты артықшылығы, лифт қарастырылған. Облыстық мәслихат хатшысы мердігер компания өкілдеріне жұмыстың барлық сатысында қадағалау болатынын, сондықтан құрылысты сапалы атқаруды тапсырды.
Одан кейін МАИ бекетіндегі 300 орындық және 169 мектептің 600 орындықты жаңа нысанының құрылысын көрді.
Наурызбай Сейітқалиұлы құрылысшыларға мектеп құрылысын сапалы жүргізуді, әрі әлеуметтік нысанды мерзімінде тапсыру маңызды екенін атады. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовке ұстаз сапасына көңіл бөлетін кез келгенін атап, Финляндияның әлемнің озық еліне айналу барысындағы білім беру саласындағы тәжірибесін мысал ретінде айтып берді...
Депутаттық корпуспен кездескен меймандар елдің бірлік-берекесі жолында қызмет етудің мән-маңызы жайында сөз етіп, атқарушы билікпен бірлесе бас партияның бағдарласындағы басымдықтарды сапалы жүзеге асыруға шақырды. Ол үшін партияның фракция жиынында халықтың қажеттіліктерін жан-жақты саралап, шешілу жолын айқындап, халықтың сенім үдесінен шығу маңызды. Осы жолда сәттілік тіледі.