Соңғы жаңалықтар

№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жаңа цех іске қосылды

Жаңа цех іске қосылды


Жалпы Жайылмада жаңалық көп. Әсіресе ауылшаруашылығы, оның ішінде егін шаруасына ерекше мән беретін берекелі ауыл. Қарбызы Сыр өңірінің брендіне айналған елді мекенде егін шаруашылығынан бөлек, өнім өңдеу ісіне де мән беріле бастады. Жыл да жаңа жобаның лентасын қиып, ел игілігіне жұмылдыра білетін округ кәсіпкерлерінің тындырымды тірлігіне тағы бір рет куә болдық. «Сенім» шаруа қожалығының төрағасы Мұхтар Оспанов құрама жем өңдеу цехын қызметке қосты. Ашылу салтанатына аудан әкімі Руслан Рүстемов арнайы барып, кәсіп иесіне табыс тіледі.
БАҚ өкілдеріне арналған ПРЕСС ТУР саяхаты кезінде өңірдегі басылымдар мен телеарналардың тілшілері жаңа кәсіпорынның тыныс-тіршілігін, жұмыс жоспарын көзбен көріп, таспасына түсіріп қайтты.
Шыны керек, қазір құрама жемге деген сұраныс өте жоғары. Аймақтағы төрт түліктен көш ілгері Жаңақорған ауданы үшін бұл цехтың жұмысы өте тиімді. Бағасы да нарық бағамынан әлдеқайда төмен, өйткені шикізат өзінен, тек техниканың қосымша күші керек демесеңіз, қызметі аудан жұртына жарайды.
Күнделікті қуат күші мен өнімнің сапасы, құрамы жөнінде және бағасы мен өнімнің қалай өңделетіні, техникалардың бағдары туралы газет бетінен толықтай оқуға болады. Іске сәт Мәке!
11 қараша 2020 ж. 506 0