№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕСЕП БЕРУДІҢ ЕКІНШІ КҮНІ ЕРКІН ПІКІР АЛМАСУМЕН БАСТАЛДЫ

ЕСЕП БЕРУДІҢ ЕКІНШІ КҮНІ ЕРКІН ПІКІР АЛМАСУМЕН БАСТАЛДЫ



ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН 2050» СТРАТЕГИЯСЫНДА: «МЕН ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БЕКІТТІМ. ОЛ АУЫЛДЫҚ, СЕЛОЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БАСҚАРУ САЛАСЫН АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК ЖАСАЙДЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСУЫН КЕҢЕЙТЕДІ» ДЕП, АУЫЛ АҒАЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА СЕРПІН БЕРГЕН ЕДІ.  ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПӘРМЕНДІ СӨЗІН ҚУАТТАҒАН АУДАН БАСШЫСЫ МЕН АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ НАУҚАНЫН ӨТКІЗУДЕ. ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ЕРКІН ПІКІР АЛМАСЫП, АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮЙІТКІЛДЕРДІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТУҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, САЛА БАСШЫЛАРЫ, КӘСІПОРЫН-МЕКЕМЕ  МЕҢГЕРУШІЛЕРІ КӨПШІЛІКТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН САУУАЛҒА ЖАУАП БЕРУДЕ.

Жуырда Жаңақорған ауданының əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев пен Аққорған, Қожакент, Өзгент, М.Нəлібаев ауылдық округ əкімдері жəне жергілікті полиция қызметінің басшысы Ербол Тоқанұлы Əлімбетов жоғарыда аталған ауылдық округ тұрғындарына 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Есепті кездесуде Аққорған, Өзгент ауылы тұрғындары ауылішілік жолдарды жөндеу, көше жарығы, автокөлік жүргізушілеріне арналған жол белгілерін қою жөнінде сұрақ қойылса, Өзгент ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Абдукаримов Калхоз - клуб үйіне күрделі жөндеу, М.Нəлібаев ауылдық округінің тұрғыны Серікбай Сұлтанов - ауылға кіре берісіндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды ескере отырып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Қожакент ауылдық округінің тұрғыны Тұрғанбаев Бекмұрат - Қожакент ауылдық округіндегі #168 орта мектебіндегі оқушы саны бүгінгі таңда артып отырғандығы жайында жəне алдағы уақытта жаңа мектеп қажеттілігі жөнінде ұсыныс білдірді. Аталған ұсыныс бойынша аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев "Биылғы жылдың өзінде Жаңақорған кенті орталығына 4 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде, егер шын мəнінде Қожакент ауылына жаңа мектеп қажет болса тез арада жобалық сметалық құжатын жасатуымыз қажет жəне үлгергенімізше биыл құрылысын бастауға болады" деп жауап берді. 
17 қаңтар 2018 ж. 1 527 0