№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТЕҢГЕ ІЛУ

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ТЕҢГЕ ІЛУ


Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреевтің қатысуымен Әбдіғаппар ауылында барлық ауылдық округ жастар ісі жөніндегі мамандармен кездесіп, ашық пікір алаңы өткен болатын. Осы жиын барысында Өзгент ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Дінмұхаммед Оразбеков елді мекенде ауданымыздың атқа әуес жастары арасында аудандық турнир өткізу жөнінде ұсыныс білдірген болатын.

Аудан басшысы бұл ұсынысты қолдап, алғашқы шараның демеушісі болатыны жайында айтылған және айына бір немесе екі рет барлық ауылдық округтерде ауыл жастарының қатысуымен еркін пікір алаңын соңын мәдени - спорттық шаралармен жалғассын деп тапсырған болатын. Міне ,осы шара Өзгент ауылының тұрғындары және аудан жастары жастар арасында аударыспақ ойынының куәсі болды. Шараның демеушісі болған аудан басшысы ат спортының жанашыры атанды. Алдағы яғни маусым айының алғашқы онкүндігінде Шалқия кенті, Құттықожа елді мекенінде ат спорты оның ішінде "теңге ілу" ойыны ұйымдастырылады. 
Айта кетейік, ат спортынан (көкпар, аударыспақ, теңге ілу ойындары) Жаңақорған ауданының құрамасы Республикалық турнирдің екі дүркін күміс жүлдегері, облыстық құраманың барлық мүшелері Жаңақорған ауданының жастарынан құралған. 
01 маусым 2018 ж. 1 227 0