№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РОБОТТАР АДАМҒА АЙНАЛА МА?

РОБОТТАР АДАМҒА АЙНАЛА МА?


Шведтік «Furhat Robotics» робототехника компаниясы адамның түр-келбетіне ұқсайтын роботты жасады, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті robo-hunter.com сайтына сілтеме жасап.

Адамға ұқсайтын робот жасанды интеллектпен жабдықталған. Роботтың алдыңғы бөлігіне камера орнатылған. Ол сұхбаттасушының жағдайын қадағалай алады. Яғни, робот адамның көзіне «қарап», одан кейін кері бұрылу функцияларын орындайды.
Роботқа Disney, Merck және Honda компаниясы қызығушылық танытып отыр.
Жалпы, жасанды интеллектпен роботты жабдықтап, оны жетілдіру трендке айналды. Мәселен, осыған дейін өндіріс орындарында жұмыс жасауға қабілетті (жасанды интеллектпен жабдықталған) «Saram» роботы шығарылды.
Айта кететіні, жасанды интеллектердің танымалдылығы артып келеді. Оның дәлелі, София роботы. Бірнеше тілді еркін меңгерген робот газет-журналдарға сұхбат беріп, ел назарына ілікті. Токиодағы саяхаттау ақпарат орталығында қызмет ететін Юнко Чихира роботы да бірнеше тілде еркін сөйлей алады. Ең қызығы, адамдар сияқты ренжи алатын, таңғалып, күлетін роботтарда бар. Женева университетінде лекция оқитын Нади Магенат Тальман мен Хенрик Шарфтың прототип робот соның айғағы.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
12 қараша 2018 ж. 1 535 0