№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасанды ақыл-ойдың қуаты

Жасанды ақыл-ойдың қуаты

Әлем қарқынды дамып келеді. Оған жаңа технологиялар мүмкіндік беруде. Яғни адам қызметін алмастырған роботтар енді ойлау, сөйлеу қызметін қатар атқара бастады. Әсіресе Жапония, АҚШ, Қытай жасанды ақыл-ойлы технологияны қолданысқа енгізуде белсенді.

Мәселен, Жапониядағы Киотский университетінің ғалымдары адамның не ойланып отырғанын анықтап, артынша оның ойына сәйкес картинаны көрсететін роботты ойлап тапты. Ғалымдар жасанды интеллект үшін ойыңды ауызша білдіруге мүмкіндік беретін алгоритм жасады. Бұл алгоритм сал болып қалған адамдар үшін тиімді болады деп күтілуде.
Мидың сигналдарын сөзге айналдыру үшін ғалымдар дауыстап оқығанда немесе ойлану барысында белсендірілген мидың аудандарын анықтап, ауызша білдіруге болатын импульстарға айналдыруға тырысқан. Женева университетінде бұл құрылғы инсультқа немесе басқа да ауруға шалдыққан адамдарға көмектесе алады делінген. Сонымен қатар, ғалымдар сөзді және оның дыбысын ұлғайтуды үйренген. Бұдан бөлек, бұл алгоритмді пайдаланатын жасанды интеллект әр қолданушыға бейімделуі керектігі айтылды.
Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын роботтар дамып келеді. 2013 жылы ең ақылды роботтың ақылы төрт жасар баланыкіндей болды. Атақты футурист Рэя Курцвейлдың болжамы бойынша, 2029 жылы роботтардың ақыл-ойы ересек адамдыкімен теңеседі десе-ді. Сондықтан қазір Facebook, Apple және Google секілді алпауыт компаниялар жасанды интеллектіні дамыту жобаларына миллиардтап инвестиция салуда. Дегенмен, жасанды интеллект туғызатын этикалық мәселелер көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналған. Ғалымдар жасанды интеллектінің моральдық салдары қандай болуы мүмкін екенін, оның адам өміріне қандай қауіп төндіретінін зерттеп әлек. Тіпті, олар жеке өмірдің құпиялығы да жойылатынына қатысты зерттеулер жасаған.
«Ғалымдар ғана емес, көптеген адамдар жасанды интеллектінің этикасы туралы іздене бастады. Себебі, көпшілігі отпен ойнап отырғандарын және өрттің тұтануының алдында тұрғанын біледі», – дейді Санта-Клара университетінің жасанды интеллект этикасы бөлімінің басшысы Брайан Грин.
Демек жасанды ақыл-ойдың мүмкіндігінің шектен тыс артуының пайдасымен қатар зияны бар деген сөз. Жасанды ақыл-ой тек адамның ойын, көзқарасын ғана өзгертпей, кей жағдайда адамның өзін басып озып жатады.
«Адамдардың көшірмесін жасау» жасанды интеллектінің адаммен байланыс саласына жатады. Жасанды интеллект роботтар дос болып, отбасын құруға, тіпті, терапия жасап, романтикалық сезім көрсетуге бейімделуі де мүмкін. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, тіл үйренгісі келетін балалар, әлеуметпен енді қарым-қатынас орната бастаған және аутизммен ауыратын балалар роботпен жақсы тіл табысқан. Дегенмен философ Алексис Элдер бұл жағдайдың моральдық қаупі көп екенін айтады.
«Роботтардың мүмкіндігі көп қауіп туғызады. Ал балалардың роботпен қарым-қатынасы оларды алдағанмен пара-пар. Себебі, бала адаммен сөйлесіп отырмын деп ойлауы мүмкін. Ал Аристотель адамдарды жалған сенімдермен алдау дұрыс емес екенін айтқан», – дейді философ.
Осыдан келіп жасанды интеллект әлемді басып алуы мүмкін бе? деген сауал туындайды. Сондықтан мамандар адамды қазіргіден екі жүз есе ақылды ете түсетін чиптің миға салынуы қалай болатынын да ойластырып жатыр. Бұл адам құқықтарына қайшы келе ме? Қалай болғанда да, біз білетін дәстүрлі өмір өзгеретіні анық.
Жасанды ақыл ойдың мүмкіндігі біздің өмірімізді жаңа деңгейге шығаруы мүмкін. Олардың жұмысы бізге медицинада, қауіпсіздік саласында, халыққа қызмет көрсету саласында кәдеге жарары сөзсіз. Дегенмен, Стивен Хокинг, Билл Гейтс, Элон Маск секілді үлкен ғалымдардың пікірінше жасанды ақыл-ой иелерінің дамуы адамзатқа қауіп төндіреді екен. Қалай болғанда да, ақылды роботтар адамдар алдында тұрған барлық проблемаларды шешеді, немесе сол роботтар адамзаттың жер бетінен жойылуына себепкер болуы мүмкін. Бұл ғалымдардың болжамы.
Айта кететіні, көптеген америкалықтардың жұмысы автокөлік жүргізумен байланысты. Ал енді өздігінен жүретін көліктер пайда бола бастап немесе оны басқаратын роботтар көлік тізгіндесе онда миллиондаған такси жүргізушілері жұмыссыз қалары сөзсіз. Шамамен он жылдан кейін автомагистральдағы автокөліктердің көпшілігі өздігінен жүре алатын болады.
Қорыта айтқанда, жасанды ақыл-ойдың мүмкіндігінің қаншалықты кең болғанымен, соншалықты зиян екенін ғалымдар дәлелдеді. Дегенмен әлем осы жүйеге көшті, біз де көштен қалмаудың қам-қарекетін жасауға тиіспіз. Дамыған 30 елдің қатарына енген елдер технологияны меңгерген, ғылымға көп көңіл бөлген. Ең бастысы жасанды дүниенің тиімдісін ғана ішкі өндіріске қолданып, қалғанын пайдаланбауға тиіс секілдіміз. Бәрі уақыт еншісінде.

Әли ТЕМІРБЕК.
08 қазан 2019 ж. 1 501 0