№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өндірісті осындай жандар өркендетеді

Өндірісті осындай жандар өркендетеді


Жылына қуаттылығы 500 мың тонна шикізат өндіретін «СКЗ-U» ЖШС кәсіпорны тәулігіне 100 тонна суды қажет етеді. Сондықтан зауыт өндірісі тоқтап қалмауы үшін 24 сағат таза су уақытылы жеткізіліп тұруы тиіс. Суды өңдеп, өндіріске таза қолдану үшін заманауи құрылғылар пайдаланылады. Осы қызметтің басы-қасында жүрген кәсіпорынның өндіріс, технология және стратегиялық даму бөлімінің бастығы Жомарт Торғайұлының еңбегі зор.


2011 жылы зауытқа инженер болып орналасқан Жомарт Қожахметов білікті маман ғана емес, жақсы ұстаз. Жоғары білімін Болгарияда оқып келіп, бірнеше зауытта еңбек етіп тәжірибе жинаған ол қазір өндіріс орнындағы белді қызметкердің бірі. Жауапты сала басшысын әңгімеге тарттық.
– Жалпы осы салада жүргеніме 35 жылдың көлемі болды. «СКЗ-U»-ға 2011 жылы келгенімде зауыт директоры Мәдіхан Әріпұлы тәжірибем мен еңбек өтіліме қарап осында қалуға ұсыныс білдірді. 9 жылдай өндіріс орнының өркендеуі жолында еңбек етіп келеміз, – деп бастады әңгімесін инженер.
Қазір кез келген салаға, әсіресе кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарына білікті мамандар қажет. Заманауи технологияны меңгерген жастарға сұраныс жоғары. Кейіпкеріміз өзінен кейінгі жастарға білгенін үйретіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді.
– Алғаш зауытқа слесарь болып орналастым. Уақыт өте келе осы бөлімге инженер қызметіне ауыстым. Сол күннен бастап Жомарт Торғайұлы жол көрсетіп, ұстаздық ете бастады. Ол өте білімді, жауапкершілікті көтере білетін жан, заманауи техниканы меңгерген маман. Міне, осындай басшыдан тәлім алып қазір білікті кадрға айналғаныма қуанамын. Қазір өзім де жастарға жол көрсетіп келемін, – деді метролог Мейрам Қалтайұлы.
Уақыт создырмай кейіпкеріміздің негізгі жұмыс орнымен таныстық. Зауытқа қажетті суды тәулік бойы жеткізіп отыратын косметикалық екі құрылғы бар. Әрқайсысы 1 сағатта 5 тоннаға дейін суды тазартуға қауқарлы екен. Олар кезек-кезек жұмыс істейді, біреуі 8-9 сағатта тұзды суды тазартып отырады. Одан кейін автоматты түрде тоқтап, екіншісі солай қажетті жеріне суды жеткізеді.
– Әр құрылғыда «мембранный фильтр» деген құрылғы бар, ол тұз су мен таза суды екіге бөліп отырады. Тұз су канализацияға, ал таза су энергокомплекске айдалады. Энергокомплексте біз будан электроэнергиясын өндіреміз. Ал суды дарияға жақын маңнан сегіз скважина қазып сол жерден аламыз. Осы секілді скважинаны Кейден ауылдық округіне де қазып бергенбіз. Енді олар «Таза су» бағдарламасы арқылы біздің мекемедегідей құрылғыны орнатып жатыр, – дейді ол.
Зауыт Кейден ауылының қайырымдылық акциясына, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту жағына көмек беріп келеді. Мәселен, өндіріс орнында жұмыс істейтін 274 қызметкер болса, соның 65-70 проценті жаңақорғандықтар. Оның ішінде кейдендік тұрғындардың саны көп. Тіпті келешекте зауытқа қажетті мамандарды мекеме өздері оқытып, бітірген жастарды жұмыспен қамтуда.
Шымкенттің тумасы болғанымен әкесінің туып-өскен жері Шиелінің Ақмая ауылы. Қызмет бабымен Шымкентке көшіп кетіп, сонда ағарту саласында зейнетке шыққанша қызмет жасайды. Математика пәнінің мұғалімі ұл-қыздарын жаратылыстану бағытында оқуға береді. Үлкен қызы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде физика-метематика пәнінің мұғалімі, одан кейінгі ұлы Қарағанды да, ал екінші ұлы Жомарт Болгарияда оқиды. Ал кенжесі Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уинверситетінде білім алуда.
– Мені әкем орыс сыныбына бергеннен болар қазақшаға шорқақ болып өстім, салт-дәстүрді жетік білмеймін. Осында жұмысқа орналасқалы ана тілде еркін сөйлей бастадым. Мақтанатын нәрсе емес, алайда ана тілін білу міндетті. Мен ұлымның келешегі үшін қазақ сыныбына бердім. Өйткені баламның қазақы дәстүрлерді бойына сіңіріп, келешекте өз елінің нағыз патриоты болғанын қаладым. 9 жылға жуық уақытта жұмысқа сіңісіп, басшылық нұсқауымен қаншама шәкірт тәрбиелеп шығардық, – деді басшы.
Құрамында төрт қызметкері бар Жомарт Қожахметовтың қызметіне басшылық оң бағасын берді. Қажырлы еңбектің арқасында облыс әкімі мен «Қазатомпром» АҚ бірнеше рет марапаттады. Мінезі салмақты қарапайым инженер туралы әріптестері былай дейді:
– Ол кісі қызметке ғана емес, досқа адал, кішіпейіл жан. Тиянақты, жауапкершілігі мол, бір сөзді азамат. Бес жылдан аса бірге еңбек етіп келеміз. Зауыттың осындай деңгейге жетуіне еселі қызмет еткен маманның бірі ретінде жоғары бағалаймыз, – деді еңбек күзеті бөлімінің менеджері Өтепберген Ибраимов.
Бос уақытында балық аулау, аңға шығуды хобби ететін Жомарт Торғайұлы секілді зауытта білімді жастар өсіп келеді. Жылдағы жоспары асыра орындауға күш-жігері жететін жастардың қызметіне дем беретін аға буынның еңбегі еселі. Осыдан зауыттың келешегі кемел, өндірісі қуатты, технологиясы мен стратегиясының әлеуеті зор екенін көреміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
22 қазан 2019 ж. 915 0