№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕРГІЛІКТІ МАМАНДАР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ

ЖЕРГІЛІКТІ МАМАНДАР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ

«СКЗ -U» зауытының кадрлар саясатының басты міндеті жергілікті тұрғындарды мамандандыру және жұмыспен қамту. Осы міндеттемені мейлінше жолға қойып, жұмыссыздыққа тосқауыл қоюды талапты пейілімен қолға алған зауыт басшысы Мәдіхан Бекжанов зауыттағы жаңақорғандық мамандарды елге таныстырып, елеулі еңбектерін насихаттады.
Бүгінде алып зауытта 277 қызметкер болса, оның ішінде 66 жаңақорғандық белсенді еңбек етуде. Тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіріп, жылына 500 000 тонна шығаруды жоспарлаған зауыттың бағыты ақйын. Заманауи технологиямен жұмыс жасап, жанама өнімдерді шығаруды қолға алған зауыт күн және су энергиясын өндіре бастады. Елбасының «жасыл экономикасын» қуаттап, 18 мегаватт электр қуатын өндіріп, елге арзан өнім ұсынып отырған зауыттың алға қойып отырған перспективалық жобалары да жоқ емес.
Қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің еңбек ақы төлеу жөніндегі аға менеджері Бағдат Болатұлы: «Өз туған елімде үлкен зауытта жауапты қызмет етуді болжамаған екенмін. Десе де, бұл мен үшін мақтаныш, мен үшін бір бақ», дейді маман. Мұнда қызмет етіп жүрген жергілікті мамандар сайдың тасындай іріктеліп, білімі мен қабылетіне қарай таңдалған. Олай дейтінім, Бағдат бұған дейін бірнеше ірі кәсіпорындарда жауапты қызмет атқарып, тәжірибе жинақтапты. Ол Қорқыт ата  атындағы мемлекеттік университетінде экономика факултетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тамамдаған. Ізденімпаз жас Астанадағы  «Тұран -Астана» университетінде құқықтану мамандығында оқып, заң туралы білімін жетілдірген. Қос бірдей білім алған жерлесіміз еңбек жолын Қызылорда облыстық статистика департаментінде  жетекші маман ретінде бастап, үлкен тәжірибе жинаған.
Болашағы жарқын жан жергілікті жерде жұмыс жасауға ниет еткенде, күкірт қышқылы зауытының басшылары жауапты жұмысқа қабылдайды. Алғашында есептеуші маман ретінде қызмет еткен жас өзінің іскерлігін дәлелдеп, қызметке мығым екенін аңғартып, қызметі жоғарылайды. Бүгінде ол зауыттың қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің еңбек ақы төлеу жөніндегі аға менеджері болып қызметін өрістетуде. Отбасында екі ұлдың әкесі атанып, ортасына беделі артуда.
Зауыттың энергиямен қуаттау бөлімінің аға диспетчері Бегім Сабырхан энергия өндіру және тарату құпиялылығымен бөлісті.
– Зауыт – энергия өндіруді қосымша табыс ретінде қолдануда. Күніне 18 мегаватт өндіргендіктен, 5 мегаватт өндіріске, қалған 13 мегаватты «Шиелі жарығы» мекемесіне тиімді бағада ұсынғалы отыр. Бұл бірішіден арзан тауар өндірсе, екіншіден жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр, – деді.
 Ол өзі М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің инженерлік мамандығын алғаннан кейін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ жұмысқа қабылданып, диспетчерлік қызмет атқарған. Ал, 2011 жылдан бастап,  «СКЗ -U» зауытының аға диспетчері болып қызмет етіп келеді.
– Жергілікті мамандарды қолдап, жұмысқа баулып, жаңа технология тілін меңгертіп, білмегенді үйретіп отырған басшыларға ризамын. Мезгілінде біліктілікті арттыру мақсатында оқудан өтіп, тәжірибе ауқымын кеңейтудеміз. Шетелдік энергия өндірісін біртіндеп үйреніп, іске асырудамыз. Жалпы, жұмыс істеймін деген жанға барлық жағдай қарастырылған, – дейді жергілікті маман.
Түйін. Елдің экономикасын үдетіп, әлеуетін түзеуге серпін беріп отырған ірі өндіріс орнында өз орнын тауып, ел әлеуетінің бір бөлшегіне айналған жерлестердің жігерін көргенімізде дамыған отыз ел қатарына қарқынды қадамдап жатқанымызға сендік.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
24 тамыз 2018 ж. 942 0