№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КӘСІПОРЫН

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КӘСІПОРЫН


Сыр өңірі индустриялық-инновациялық бағыты дамыған, экономикалық өсімі артқан бірден-бір аймақ. Оның айқын дәлелі ретінде Жаңақорған ауданында орналасқан өндіріс ошақтарын айтуға болады. Мәселен, жаңа технологиямен жұмыс жасайтын «СКЗ-U» ЖШС күкірт-қышқылы зауытының бүгінде жылдық қуаты 500 мың тонна болса, күніне 1500 тонна шикізат өндіреді. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған зауытта әр түрлі сала мамандары жауапкершілікпен жұмыс жасайды. Сондай қызметіне тиянақты қызметкердің бірі – Болат Әлиханов.


Жалпы, Кейден ауылының маңында орналасқан өндіріс орны «Қазатомпром» АҚ-ға қарасты уран өндіретін кәсіпорындарды күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Қалдықсыз өнім шығаруды мақсат еткен зауытта шикізаттың өнімге айналу мөлшері 99,9 процент. Экономикаға ауқымды үлес қосқан зауытта бір қуантарлығы қызметкерлердің басым көбі жергілікті жердің қызметкерлері. Яғни, зауытта, 271 қызметкер болса, соның 171-і аудан халқы. Оның ішінде Кейден ауылдық округінің тұрғындары да аз емес.
Зауытқа шикізат вагонмен тасымалданады. Атырау облысынан күніне 10 вагон күкірт келетін болса, осы жобада күкірт қышқылы вагон арқылы Шиелі өңіріне жөнелтіледі. Осы вагондардың қауіпсіздігі, яғни рельстің істен шықпауын қадағалау Болат Бейсенбекұлының құзырында.
– Алғаш еңбек жолымды теміржол саласынан бастадым. 10 жылға жуық уақыт темір жол торабында тәжірибе жинақтап, 2013 жылы «СКЗ-U» зауытына қызметке орналастым. Бүгінде қолымнан келгенше жас мамандарға жол көрсетіп, өмірлік тәжірибеммен бөлісіп отырамын, – деді теміржол жөндеуші.
Қазір Болат Әлиханов жұмыс жасайтын бөлімде 20-ға жуық қызметкер бар. Жүк түсіруші, оны тиеуші және бүгінгі біздің кейіпкер.
Тақырыпқа тұздық болсын. «СКЗ-U» ЖШС-да күкірт қышқылымен қатар электр энергиясы да өндіріледі. 2013 жылы зауытта алғашқы өнім шыға бастағаннан-ақ, электр энергиясына сұраныс артқандықтан, өндіріс орны 420 кВт-тық өзінің күн электр станциясын іске қосты. Бүгінде аталған электр энергиясы серіктестіктің жұмысшылар тұратын қалашығын толықтай жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Отандық өндірісте елеулі орны бар зауыт жұмыстың табиғатқа залал келтірмеуін басты мақсат еткен.
«СКЗ-U» ЖШС еліміздің экономикасына үлес қосумен бірге әлеуметтік жауапкершілікті де қатар алып келеді. Қайырымдылық, демеушілік шараларынан қалыс қалған кезі жоқ. Мәселен, 2012-2016 жылдары серіктестік бұл бағыттағы шараларға 32 млн. теңгеден астам қаржы бөлген.
Сондай-ақ, Кейден ауылында скважина қазып, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Ауылдың аяқ су мәселесін шешуге де үлес қосты. Жұмысшыларының өміріне жауапкершілікпен қарайтын серіктестік басшылығы қыз-меткерлердің әлеуметтік жағдайына мән береді. Әлеуметтік пакетке толықтай медициналық сақтандыру енген. Мұнымен қоса, зауытта күн сайын қызметкерлердің денсаулығын қадағалайтын тұрақты медициналық пункт жұмыс жасайды.
Серіктестік болашақ мамандарды дайындауда да белсенділік танытуда. Бүгінгі күні кәсіпорын есебінен бірнеше студент жоғары оқу орнында, одан кейін колледждер де өндіріске қажетті мамандықтарды игеруде. Одан бөлек, жас мамандардың қызметке орналасуына, келешегіне шырақ жағуына үлес қосып келеді.
Міне, теміржолшы Болат осындай мекемеде еңбек етіп келеді. Отбасында үш ұл-қызды тәрбиелеп отырған оның ізін үлкен ұлы жалғастыруды мақсат тұтыпты. Қазір Қызылордада теміржол саласында оқып жатқан ол келешекте осы зауытқа қызметке орналассам деген тілегі барын жеткізді. Ал, мекеме кемел келешегі үшін жас мамандарды білікті кадр етіп шығаруға дайынбыз дейді...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
13 сәуір 2019 ж. 1 066 0