№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыз қылығымен көрікті

Қыз қылығымен көрікті

Жаһандану үрдісі аясында ұлттық мәдениеттер шет қалып, батыстық құндылықтар сәнге айналды. Әлеуметтік желілерде бейәдеп ведиолардың көрсетілуі соның дәлелі. Батыс елдері дәріптейтін қасиеттерден өз-өзімізді сақтаудың жолы – ұлттық кодтың кілтін тауып, ұлттық салт-дәстүрден нәр алу керек-ақ. Осындай мақсатты көздейтін Жаңақорған аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының мамандары жастарға тәлімді тәрбие, саналы ілім сіңіруде еңбек сіңіріп келеді.


Орталықтың «Жібек елі» үйірмесі қоғамымызға пайдалы азамат болып өсуіне ықпал етуді көздейді. Қыздарға дұрыс бағыт беру және ұлттық құндылықтарымызбен таныстырып, қыздардың өтпелі кезеңдегі дене бітіміндегі табиғи өзгерістерге орай киім кию мен жеке бас гигенасын сақтауды үйрету негізгі міндетіміз. Бұл тұрғыда олармен жеке-жеке пікірлесіп, қажет болған жағдайда олардың мектеп психологтарымен бірлесе жұмыс істейміз.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Қазақ отбасында ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастырғаны белгілі. Оның басты себебі, «ұлдың ұяты – әкеде, қыздың ұяты – шешеде» деп бағаланғандықтан.
Ғұлама ғалым Жүсіп Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп өспірімді білім мен ғылымға қызықтырып, өнерге мен еңбекке баулу арқылы кемелді тұлға қалыптастыруға болатынын өсиет етті. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер дарытуға мән берген абзал.
Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқақтылыққа, орынсыз тәуекелге жол беруге болмайды.
Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды.
Халқымыздың қыз балаға деген құрметі ежелден ерекше болған. «Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық қыздарын бақыт құсына балаған. Тіпті, қыздың тәрбиесімен ұлттың болашағын байланыстырған.
Қорыта келе, әр азамат ұрпақ тәрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулу, тәрбиелеу тұрғысында жұмыс жалғасын таба беретін болады.

Сәуле ЫСҚАҚОВА
14 ақпан 2021 ж. 2 141 0