№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәрбие орталығының тынысы

Тәрбие орталығының тынысы


Маман болудың негізі – білім болса, адам болудың алғышарты – тәрбие. Қай заманда да білім мен тәрбие егіз ұғым. Қос дағдыны қатар қойып, жас өрендердің бос уақытын тиімді жұмсап, өнердің сан түріне баулыған шаңырақтың бірі – аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығы. Сонау кеңестік үкімет заманында «Пианерлер үйі», одан кейін жас натуралистер үйі деп аталған тәлім ордасының бүгінгі тынысы қандай?


Шығыс философы Әбу Насыр Әл-Фараби «адамзатқа ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек десе, В.Белинский тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешілетіндігін айтқан. Осындай ұғымды алға қойып, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалануға бағдар беріп отырған тәрбие орталығының жұмысы бүгінде бір төбе.
Қазір қоғамда жастар арасында түрлі қылмыстар мен олқылықтар кең етек алуда. Мұндай оқиғаның басты себебі – тәрбиенің дұрыс берілмеуі, адамның адамгершілік дағдысын меңгермеуінен немесе баланың балалық шақтағы бос уақыты тиімді ұйымдастырылмағандығынан. Ал біздің мақсат – оқушыны ертеңгі қоғамның кірпішін қалауға дағдыландыру, кәсіпке баулып, бос уақытын игілікке жұмсауға үйрету. Әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау.
Орталықтағы үйірмелер санына тоқталатын болсақ, 5 бағыт аясында жұмыс жасайды. Олар: қоғамдық-гуманитарлық, сәндік қолтаңбалы қолөнер, театрланған көркемөнер бағыты, туристік өлкетану және спорттық-техникалық бағыт. Аталмыш бағыт аясында аудандық балалар кітапханасымен, «Арман» мәдениет үйімен, орталықтағы тігін цехтарымен және аудандағы 7 мектеппен бірігіп жұмыс жүргізіледі.
27 үйірмеде 25 мұғалім 750 баламен жұмыс жасайды. 40 жоғары білімді , 20 орта арнаулы білімді мұғалімдеріміз облыстық білім басқармасы тарапынан оқытылатын біліктілікті арттыру курстарына қатысып, облыста өткен семинарларға атсалысып, өзіндік тәжірибелерін арттырып келеді. Нәтижесі жаман емес.
Оқу-тәрбие үрдісін қатар ұштастырып, балаларды келеңсіздіктен аулақ етіп, тура жолда тәрбиелеуді мақсат еткен мекеменің бүгінгі дидары осындай. «Ұстаз еңбегі шәкіртінің жетістігімен өлшенбек» демекші, тәрбие орталығының тәрбиеленушілері облыстық, республикалық додаларда топ жарып, аудан атын асқақтатып жүр.

Айнұр Мәден,
аудандық балалармен мәдени тәрбиелік жұмыстар орталығының үйірме жетекші.
18 қыркүйек 2019 ж. 878 0