№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ҰСТЫНЫ

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ҰСТЫНЫ

 Ұлт көшбасшысының мақаласында: «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан, мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды.
Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады» деген. Осы тұста, мұндай тарихи-археологиялық қозғалыстар арқылы дәуірінде «Қыпшақ даласының гаваны» деп аталған, мемлекеттің сауда және саяси орталығы ғана емес, Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ мектеп туризмін дамытуға сұранып тұрған шаһар. Құнды мәліметтердің қиюын қиыстырып, көне Сығанақ шаһарын этнотуризмнің орталығына айналдырсақ Сыр елінің брендіне айналары сөзсіз.
Сонымен қатар, мақаладағы ұлттық құндылықтарды ұлықтау және руханият өрісін жаңғырту жайын жылы қабылдадым. Мақалада тарихи сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құнды құдірет екені айтылды. Әрі бұл – тәуменді тарихтың, бүгінгі бейнесі ретінде жарқын келешектің көкжиегін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасына теңеді. Асылында ықылым заманнан арқауы үзілмеген салт-дәстүрлеріміз алдағы өркендеудің берік діңгегі деп білемін.

Бақдаулет ТАЖДИНОВ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің қызметкері.
24 қараша 2018 ж. 1 103 0