№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КӨКТӨБЕДЕГІ КӨПТІҢ ТІЛЕУІ...

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КӨКТӨБЕДЕГІ КӨПТІҢ ТІЛЕУІ...

Түркістанмен шектесетін аудандағы шекаралық елді мекен Көктөбеге түстен кейін жеттік. Ауылға кіре беріс жолдың жағдайы тым нашар. Оған қоса жаяу жүргіншілер жолы сын көтермейді.

Небәрі 700-ге жуық тұрғыны бар ауылдағы балаларға мектепке қатынау қиын екенін сапар барысында аңғардық. Десе де, жыл ортасына дейін жолдың жөнделетініне атқамінерлер сендірді. Аядай ғана клуб үйіне жиналған жұртты қандай мәселе толғандырады? Осыдан бастайық. Былтыр тұрғындар тарапынан үш ұсыныс түскен. Бірінші, электр бағанасының ескіруіне байланысты жаңа трансформатор орнату және оған электрик тағайындау. Әкім есебінен түсінгеніміз бұл мәселе әзір шешілмейтін тәрізді. Ал, сары құмырсқаның жай-күйін облыстан арнайы мамандар келіп, зерттеп, оны жоюдың алғы-шарттарын жасауға уағдаласыпты.
Аудан басшысы есеп беру соңында ұстаздар қауымы сол «айта-айта жауыр болған» интернет мәселесін шешіп беруді сұрады. Әрі, көктемгі егіс басталғанда субсидия мәселесін оңтайлы шешуге мән беруді сұрады.
Енді аз-кем әкім атқарған жұмысқа көз жүгіртіп өтсек. Салық түсімі бойынша тек көлік салығы ғана межеден шықпай тұр. Жер және мүлік салығы 100 пайыздан асады. Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру, жалпы ауылға бюджеттен бөлінген қаржы толық игерілген.
Алдағы жоспар бірінші дала диқандарының егісіне нәр беретін аяқ су мен каналдың қайта қалпына келуіне жұмыс жасау...
19 қаңтар 2019 ж. 854 0