№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: САЛЫҚ ТҮСІМІ ЕСЕЛЕНГЕН МАШБЕК АУЫЛЫ...

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: САЛЫҚ ТҮСІМІ ЕСЕЛЕНГЕН МАШБЕК АУЫЛЫ...

Бұл жолғы есеп беру бұрынғыдан өзгерек. «Бізде анадай бар, мынадай бар» деген жалаң сөзді жиыстырған ауыл әкімі О.Ильясов ә-дегеннен барлық салық түсімінде ілгерілеушілік бар екенін жеткізді.

Мәселен, 2018 жылдың болжамды орындалуы мүлік салығы 101,0 пайызға, жер салығы 100,6 пайызға, көлік салығы 126,8 пайызға артығымен орындалған. Алайда ауылда тіркелген 27 кәсіпкердің 19-ы әлі күнге салығын төлемей отыр. Аудан әкімі Ғ.Әміреев егерде неғұрлым салық түсімі ұлғайса, ауыл әлеуеті артып, қордаланған мәселені өздері қоғамдастық кеңес арқылы шешілуіне мүмкіндік мол екенін тілге тиек етті. «Мәселе» демекші, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ауыл кіре берісіндегі апаттық көпір ахуалын көтерген Серікбай ақсақал одан бөлек өткен жылы 47 отбасына аяқ су жетпей қалғанын мәселе етіп көтерді. Ал, ескі мектепті балабақшаға айналдыру жөніндегі сұрақтың жауабы сол мезетте айтылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында қайта жаңғырту жұмыстарына құжаттарын жинап, кәсіпкермен келіссөздер жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Бұл жаңалықтың шешімі биылғы жылдың еншісінде.
19 қаңтар 2019 ж. 1 211 0