№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Баланың санасын сақтап қалу – біздің парызымыз!

Баланың санасын сақтап қалу – біздің парызымыз!

 БАҚ-халық тәрбиешісі болғандықтан өз ой елегімді халықпен бөлісуді жөн көрдім. «Талап –тәрбиенің құлы»-демекші, Баланы жақсылыққа тәрбиелеуден бұрын жақсы ойлауға тәрбиелеу қажет.Бұрынғы ата-әжелеріміз өте дана кісілер еді,олар үнемі өнегелі, ойы терең сөздерді айтып отыратын. Сүбелі сөздердің мағынасын сол кезде түсінбесекте, бізді жақсы ойлауға тәрбиелеп,бойымызға рухани азық ұялатты.Қазір біз балаларымыздың тәрбиесіне алаңдап, бір қауіпті сезгендей қорқып отырамыз. «Қауіп қайдан болса,қатер содан», - дейтін.


    Бір жамандықты ойлай берсең,соның орындалатынын да естен шығармағанымыз абзал.Осы сөздердің астарында көп мән жатыр,бұл дегеніміз «ойы дұрыс адамның сөзі де, өзі де дұрыс дегенге сая».Біз қазір балаларымызға айтатын екі  сөзіміздің бірі, ол-жаман, нашар қылық, барма, жеме  деген сияқты сөздер. Ал бұдан, балаға  «Айналаның бәрі тек жамандықтан тұрады» деген ұғым қалыптаспайма?. Бұдан шығар ой «балаларға қатігездікті өзіміз үйретіп жатқан жоқпызба»? Бір философ: «Ең жаман деген адамның өзінен бір жақсы қасиет табуға болады» деген екен. Бұл бір ғана мысал,адамнан да, ағаштан да, жануардан да, өсімдік пен құстан, жәндіктен, тіпті улы жыланнан да жақсы қасиет табуға болады емес пе?Егер де біз балаға осы қоршаған дүниенің адамға деген жақсы жағын ұдайы айтып отырсақ, балаларымызда қатігездік емес, қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік сезімдері пайда болар еді. Ал жақсы ойдан игі іс,игі істен ізгі адам қалыптасар еді. Тәрбиенің жемісі-бұл баланың бойына ізгілікті сіңірудің ата жолы. Ол өзіміздің нақыл сөздеріміз, мақал-мәтелдеріміз,өсиет сөздеріміз. Ескі дүние деп ұлттық  қазынамыздан қол үзбеуіміз керек.

   Осы тұста өзімнің тәжірибелік қоржынымнан бір-екі мысал тілге тиек етсем: Бірде балаларға «Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыз кемпірді сипаттап жатқанда естігенім, «менің анамның тырнағы да ұзын», – демесі барма.Балалар –өте қырағы,олар салыстырып өседі және үлкендерден көргенін жасайды.Енді бірде, «ешкі жеті лағын қамап,орманға азық әкелуге кеткенде,қасқыр келіп есікті тоқылдатады»-десем, «неге званогы жоқ»? – дейді. Балаларымыздың жан дүниесі орыстанып,шұбарланып жатқанын байқадым.Бұрын аналарымыздың жиі кітап оқып, жыр-дастандардың мағынасын дастархан басында айтып  жарыса талқылайтынбыз.Біз сол ата-аналарымыздың талабын орындай отырып, қалай тәлім  алып жатқанымызды білмей қалдық.

  Ал қазір, бәрі заманауи телефон,компютер,теледидар дайын өзі сөйлеп,түсіндіріп береді. Әрине бұл заман талабы,дегенмен ата-ананың мейірімді көзқарасындай ұғындырып,сезім сыйлау......оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазір ата-аналардың балаларға  мұндай тәрбие беруге уақыты жоқ. Себебі жұмыс басты,одан қалса сериал мен сотка,кезегімен той. Той демекші, тойға барғанда баланы үлкен кісімен сәлемдесуді,ағайын туысты көріп,үлкен ортада өзін қалай ұстауды үйренсін деген оймен апарамыз.Ал тойда көретініміз, ақ сақалды қарияларымыз бен әжелеріміздің  секірген би жарысы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру-ұлт болашағы» – деп, алдымызға міндет қойып берді. Отан-отбасынан бастау алады,сондықтан әрбір ата-ана ұлтжанды болуы керек. Ұлттық тәрбиені жоғалтсақ, өзімізді жоғалтқанымыз. Еліміздің тұтқасын ұстар ұрпағымыздың жүрегіне тарихи халық  даналығын сіңіріп тәрбиелеуде балаларымыздың санасын сақтап қалу- біздің парызымыз. Өмірде адам қалыптастырудан артық ұлы іс жоқ.Осындай ұлы іске арқау болатын  тәрбие қоржынындағы тарихымызды,тілімізді,дінімізді,дәстүрімізді балаларымыздың бойына сіңіру әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Ойланайық ағайын.
                                                             
Сунақата ауылы
                                                            №10 «Айгүл» бөбекжайы
                                                            І-санатты тәрбиеші
                                                            Айгүл Махулбаева.
---
29 қараша 2018 ж. 839 0