№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сезімталдық

Сезімталдық

 
 
Бұрынғы біздің шалдар нағыз метеорологтар еді. Алдағы қыстың қатты, не жұмсақ болатынын болжап айтып бере алатын. Кейде адамның түсінің өзі де күнібұрын кездесетін оқиғалардан хабар береді.
Мұның бәрі жайдан-жай емес. Мұны радиация күші деп ойлау керек. Радиация – табиғи құбылыс. Бізді фабрика, завод жасап шығарған жоқ. Қазір «құдайсызсыңдар» деген сөз бар. Түсінгенге бұл сөздің мағынасы терең. Құдай жоқ. Олай болса,ештеңеге сенудің қажеті жоқ деп ойлау қате. Өздеріңе жақсы болса, солай ойлай беріңдер. Бірақ Құдай жоқ деп халықтың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған пайдалы тәжірибелеріне қолдды сермеу кімге зиян?
Ғалымдарымыздүниенің құпия сырын зерттеп жатыр. Тапқанынан таппағаны көп. Космосқа адамдарымыз еріккеннен-зеріккенннен ұшып жатқан жоқ.
Иә, әлі ашылмаған құпия сырымыз көп. Мен әкемнің қайтыс болғанын  ешқандай хабар-ошарсыз ауылдан он екі мың шақырым қашық Владивостокта жүріп білдім... Өз басым ішкі сезімді мойындаймын. Жай мойындап қоймай, оның ырқына бағынамын.
P.S. Бұл тұрғыдан алғанда  біздің қазақ халқының  сезімталдығындай қасиет өзге халықтарда  жоқ деуге негіз бар. Қазақ халқында балгерлер, жаурыншылар мен сәуегейлерөте көп болған. Мұндай қасиет Баукеңде де болғаны соның айғағы 
15 маусым 2018 ж. 1 502 0