Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Тағам өнімдерінің таңбалануы туралы не білу керек

Тағам өнімдерінің таңбалануы туралы не білу керек

Барлықтарыңызға белгілі ағзаның денсаулығына тұқым қуалаушылық, экология, зиянды әдет деген сияқты факторлар әсер ететіні анық, оған қоса дұрыс тамақтану да маңызды рөл атқарады. Ал, дұрыс тамақтанудың негізгі ережелерінің бірі тұтынатын тағам өнімдерін дұрыс таңдай білу. Әр бір тұтынушы сауда орындарынан тағам өнімдерін сатып аларда өнімнің неден жасалғанын, оның құрамына не кіретінін, құрамында аллергендер немесе қауіпті заттар бар ма, соны білгісі келеді. Сондықтан да, тағам өнімдерін сатып аларда ең алдымен зат таңбалануына назар аудару қажет.

Ал енді алдымен, таңбалаудың не екенін түсінейік. Таңбалау- тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін немесе тауарға және басқа да қосалқы  құралдарға қондырылған мәтін, шартты белгі немесе суреттер. Яғни, таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады.
Тағам өнімдерінің таңбалануы Кеден Одағының 022/2011 жылғы «Тағам өнімдерініңтаңбалануы туралы» техникалық регламентіне сәйкес, таңбалануға белгілі ережелермен бекітілген. 
Тағамдық өнімдердің зат таңбалануы келесі ақпараттарды қамтуы тиіс:
Тағамның атауы
Сіз тағам сатып алар кезде оның атауына ерекше мән беруіңіз керек!
Мысалы қаймақ сатып алу барысында «Сметана» деген атау ғана көрсетілуі керек, ал «сметанка, вкуснейшая сметанка» деген  атау болмауы тиіс. Мұндай атаулар бұл өнімнің құрамында болмауы керек қоспалардың болуын куәләндырады. Салмағы мен көлемі. – егер өнім  сұйық болса, литр немесе мл, егер қатты өнім болса кг, грамм ретінде көрсетіледі. Өнімнің дайындалған күні - күні, айы, жылы, сағаты көрсетіледі. Жарамдылық мерзімі – Сіздер дүкенге барғанда, тауар сатып алған  кезде жарамдылық мерзіміне жиі назар аударасыздар ма? Мұны 10 адамның 2-і ғана жасайтын шығар. Әр өнімнің өзінің жарамдылық мерзімі болады, оны белгілеу дайындаушы үшін міндетті болып табылады. Ал жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін сатуға тиым салынады және айыппұл мен жазаланады. Өнімнің жарамдылық мерзімі  көрсетілген заттаңбада мынадай  тармақтар болу керек. Жарамдылық мерзімі 72 сағатқа дейінгі тез бұзылатын  тамақ өнімдері үшін – сағаты, күні, айы көрсетіледі.
Жарамдылық мерзімі 72 сағаттан бастап 3 айға дейінгі мерзім кезінде – күні, айы, жылыкөрсетіледі.
Жарамдылық мерзімі кемінде 3 ай мерзімі кезінде-айы, жылы, көрсетіледі.
    Сақтау шарттары. Тамақ  өнімдері 2 санатқа бөлінеді: тез бұзылатын және тез бұзылмайтын. Аттарының өзінен ақ білуге болады. Осыған сәйкес-тағам өнімін қалай сақтау керектігі туралы көрсетіледі. Сонымен бірге қаптамадағы тағам өнімін ашқаннан кейін қалай сақталу керектігі туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек.
Өніруші туралы мәліметтер-дайындаушының атауы, фирманың орналасқан жері,  тұтынушыдан шағымдар  қабылдаушының атауы, мекен жайы туралы ақпарат көрсетіледі.
Қолданылуы бойынша нұсқамалар және (немесе) шектеулер- құрамында кофеин мөлшері 15 мг/л асатын болса, адам ағзасын тыныштандыратын қабілеті бар дәрілік заттарды мөлшері белгіленген нормада асатын болса «18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге, ұйқысыздығы бар, қан қысымы жоғары адамдарға қолдануға болмайды» деген мәлімет көрсетілуі керек.                
Тағам өнімінің құндылығы туралы ақпарат – май, көмірсу, ақуыз және витаминдер мен минералды заттарды мөлшері көрсетіледі. Тізімдегі ингредиенттердің  атаулары  өнімнің құрамына кіретін мөлшері азаюы бойынша жазылады. Бірінші орында ең негізгі ингредиенттер  тұрады.Әдетте құрамы өнімнің 100 грамына көрсетіледі.
Құрамында ГМА бар немесе жоқ екендігі туралы- ГМА, яғни гендік модификацияланған ағзалар мен олардың негізінде жасалған азық-түлік туралы барлықтарыңыз естіп жүрсіздер, ГМА өнімділікті арттыру, өнімдерге жаңа қасиетте, жоғары декоративті және азықтық құндылық беру мақсатта жасалады. Техникалық реглменттің талабына сәйкес егер ГМА мөлшері 0,9 пайыздан төмен болса, заттаңбада бұл туралы ақпарат көрсетпеугеде болады, ал егер 0,9 пайыздан жоғары болатын болса, мідетті түрде құрамында ГМА бар деп көрсетілуі тиіс. ЕАС белгісі - Соңғы уақыттарда көп тауарларда ЕАС жазуы пайда болды. Бұл белгінің  не білдіретінін біреуі білсе біреулері білмеуі мүмкін. Олай болса оның  мағынасы мінекей өте қарапайым: ЕАС деген жазудың болуы аталған тауарды- Евразиялық экономикалық одақ елдерінің біріңғай нарығында  сатуға болатын және оның қауіпсіздігі мен сапасындайындаушы немесе импорттаушырастағанын білдіреді.
ЕАС–«Евразиялық сәйкестік» дегенді білдіреді.
Бұл ретте айта кететін жайт, естеріңізде  болсын бұл ақпараттың барлығы міндетті түрде кем дегенде  екі тілде- қазақ және орыс тілдерінде болуы керек.  Жазбада осы тілдердің біреуіндегі жазбаның болмауы өрескел бұзушылық болып табылады.
Ал, егер тауар өндіріліп, бірақ өндіріс орнында емес басқа жерлерде қапталса, онда жоғарыда аталған ақпараттан басқа қаптаушы, өлшеп –оралған және қапталған күні мен уақыты туралы мәлімет болуы тиіс.
Сонымен қатар, заттаңбада Қосымша мәліметтер болуы мүмкін сондай белгілердің бірі «табиғи» немес «ЭКО» өнім деген заттаңба. Эко таңба немесе экобелгі – бұл этикеткадағы  жай жазу емес, ол нақты ақпаратты белгілейтін официальды тіркелген символ. Бұл өнімнің экологиялық таза дегенін білдіреді. Осы тұрғыда айта кететін жағдай, «ЭКО» деген белгі тек тиісті зертханада сараптамадан өтіп дәлелденген жағдайда ғана қойылады.
Сондай-ақ, қаптамаларда штрих код та болады, штрих код 13 санмен көсетіледі. Бірінші тұрған 2 саны –Елдің кодын білдіреді. Одан кейінгі 5 сан- Кәсіпорынның коды. Кәсіпорынның кодынан кейінгі 5 сан- тауардың кодын білдіреді. Соңғы сан бақылау саны.
Осы ақпараттың бәрімен таныса отырып, сіз бірінші көзге түскен  тауарды емес, сапалы әрі қауіпсіз тамақ өнімін сатып алып жатқаныңызға сенімді боласыз. Міне, неліктен таңбалаудың соншалықты қажет екенін осыдан байқауға болады.  
Сондықтан, егер Сіз әрине сапалы тағамдармен тамақтанғыңызжәне өз денсаулығыңызды сақтағыңыз келсе, заттаңбаны оқу Сіз үшін қағида болуы керек. Ал, біз Сіздердің ұқыпты және сауатты тұтынушы болуларыңызға тілектеспіз.  

Г.Мамбетова,
Жаңақорған аудандық СЭББ
бас маманы
---
23 мамыр 2024 ж. 145 0