№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тамақтан уланудың алдын-алу

Тамақтан уланудың алдын-алу

Көктем-жаз маусымдарында халық арасында жұқпалы ішек аурулары мен тағамнан улану жағдайлары көптеп кездеседі. Қарапайым гигиеналық талаптардың орындалмауы - адамның денсаулығы үшін маңызы зор.


Тамақтан улану дегеніміз –бұл ауру қоздырғыш микробтар ұялаған немесе олардың токсиндері сіңген тағамдарды пайдалану нәтижесінде туындайтын жедел ішек аурулары. Мұның бірден-бір себебі кейбір тағамдар құрамында түрлі микробтар мен уыттар бөлетін зиянды заттар болады. Сонымен қатар белгілі температурада белгілі тәртіппен сақталынбаған немесе сақталыну мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді жеген адам бірден уланады. Ауру негізінен тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштардан тыс, қалыпты температуралық жағдайларда сақтау, немесе мерзімі өткен тағамдарды қолдану нәтижесінде жұғады. Тазалық талаптарын сақтамаған аспазшылардың, немесе тағам өнімдерін сатушылардың да кесірі тиіп жатады.
Жалпы, ауру қоздырғыштары: сальмонеллалар, стафилококктар, ботулинус таяқшасы, т.б. Бұлар адам ағзасына тағам арқылы түсіп, улану процесін жүргізеді. Тамақтан улану ас ішкеннен кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады.
Тамақтан уланудың белгілері: әлсіздік пайда болады, көздің көруі әлсірейді, бас ауырады, жүрек айниды, құсады, іші ауырады, дене қызуы көтеріледі, қалтырап, тоңады, іш өтеді, кейде іш шаншып ауырады, тамыр соғысы жиілейді, жұтыну мен сөйлеу бұзылады, ауыр жағдайларда құрысу әкелуі, асқынған жағдайда науқас өліп те кету мүмкін. Сондықтан тамақтан уланып қалған адамға 5-6 кесе жылы су (аздаған ас тұзын қосып араластырса да болады) ішкізіп, асқазанын шаю керек. Тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады. Асқазаны тазарғаннан кейін шай беру керек. Тамақтан уланып қалсаңыз, дереу дәрігер шақыртыңыз немесе емханаға барыңыз.
Тамақтан уланудан алдын-алу шаралары:
-Азық-түлік сатып аларда оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, жарамдылық мерзімін сұраңыз, өнімнің қандай жағдайда сатылып жатқандығына, оларды сақтайтын тоңазытқыштың болуына көңіл бөліңіз, арнайы белгіленбеген орындардан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз, тез бұзылатын, үй жағдайында дайындалған сапасы, дайындалуы белгісіз тағам түрлерін алмаңыз;
-азық-түлікті көшедегі ашық-шашық сауда қатарынан алмаңыз;
-тазалық талаптары сақталмаған жерден тамақ ішпеңіз;
-шикі және дйы тағам түрлерінің бөлек сақталуын қадағалаңыз;
-кез келген тағамның (банкі, қалбырларға жабылған, т.б.) сыртын оқып көріңіз, шығарылу және сақтау мерзіміне мән беріңіз;
-кез келген азық-түлікті қолданар алдында оның иісіне және түріне назар аударыңыз, күдік, күмән туғызған азық-түліктерді қолданбаңыз;
-қабығы аршылған көкөністерді, жартылай өңделген өнімдерді тоңазытқыш жағдайында 6 сағаттан артық сақтамау керек;
-май және майонез қатылған салаттарды 3 сағаттан артық сақтауға тиым салынады;
-сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнатқан дұрыс;
-Етке, көкөніске және нан тағамдарын кесуге пайдаланатын тақтайлар мен пышақтар дараландырылсын;
-ас әзірлер және тамақ ішер алдында қолыңызды жақсылап сабындап жуыңыз;
-жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеңіз
Тағамды дұрыс сақтау және дайындау - Сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі.

Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Г.Мамбетова.
25 сәуір 2023 ж. 591 0