Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» күні қалай аталып өтті

«Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» күні қалай аталып өтті

Ауданда 7 маусым «Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» күніне орай 10 күндік өткізу туралы іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 2023 жылдың 1 маусымнан бастап 9 маусым аралығында базарда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану орындарында және балаларды сауықтыру лагерлерінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы акциялар, семинар, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, үнпарақтар таратылып, ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Өнімнің қауіпсіздігі-денсаулық кепілі. Өнімнің қауіпсіздігі дегеніміз-адамдардың денсаулығына, өмірі мен мүліктік қауіпсіздігіне, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне және табиғи ортаға зиян тигізбейтін жолмен нарықта шығарылатын өнімдерді жобалау және шығару. Қалыпты пайдалану кезеңінде және қалыпты пайдалану жағдайында өнімдерде ешқандай қауіп немесе қолайлы тәуекел деңгейі болмауы керек. Біздің мақсатымыз-тұтынатын азық-түліктер мен тауарлардың техникалық реттеу талаптарына сәйкес келуін бақылау.


Кез-келген тауарларды зерттеу 3 түрлі көрсеткіш бойынша жүргізіледі.


Біріншісі, микробиологиялық сәйкессіздік, бұл әртүрлі микроорганизмдермен ластанған, адам өміріне қауіпті өнім.

Екіншісі, санитарлық-химиялық, бұл өнім құрамы сыртында жазылған таңбалануына сәйкес келмеуі.

Үшіншісі, таңбалануының дұрыс болмауы. Мысалы: сынаманың таңбалануында мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы немесе ЕАС таңбасының болмауы. Осы үш қағиданы барлық тұтынушы білуі тиіс.

Жалпы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында сәйкессіздіктер өнімнің таңбалануына байланысты орын алуда. Сондықтан таңбалану бойынша тұтынушы нені білуі керек?

1) Тағамның атауы, тағамды сатып аларда оның атауына ерекше мән беру керек.
2) Тағам өнімінің құрамы, өнімнің құрамындағы заттар.
3) Салмағы мен көлемі.
4) Өнімнің дайындалған күні,
5) Жарамдылық мерзімі,
6) Сақтау шарттары
7) Өндіруші туралы мәліметтер
8) Қолданылуы бойынша нұсқамалар,
9) Тағам өнімінің құндылығы туралы ақпарат,
10) Құрамында ГМО бар немесе жоқ екендігі туралы мәлімет
11) ЕАС белгісі, «Еуразиялық сәйкестік» дегенді білдіреді.
12) Тағам өнімдерінің таңбалануында мемлекеттік тілде ақпараттың болуы. Сондай-ақ заттаңбада қосымша мәліметтер болуы мүмкін.

Өнімдерді сатып алу кезінде таңбалануына мұқият көңіл аударуларыңызды сұраймыз.
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!


Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау басқармасы.
09 маусым 2023 ж. 400 0