Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тағамнан уланудың алдын алайық!

Тағамнан уланудың алдын алайық!

Жылдың жылы мезгілінде тамақтың тез бұзылатыны барлығымызға белгілі. Тамақтарда микробтардың пайда болуы, олардың тез көбеюінің негізгі мезеті жылу факторы болып табылады.



Тамақты сақтау кезінде температура қаншама жоғары болса, оларда микробтар саны көбее түседі. Тамақты тұтынушы пайдаланғанға дейін жеткенше өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізу секілді сатылардан өтуде тамақ бұзылса, яғни осы сатылардың кез келген кезеңінде санитариялық талаптар сақталмаса, микробтардың көбеюіне орай өнімнің оңай бұзылуы әбден мүмкін.

Негізінен тез бұзылатын тағам өнімдерге кремді кондитерлік өнімдер, көкөніс және еттен жасалған салаттар, сүт және сүт өнімдері мен дайындалған тағамдар, балық өнімдері, дайын аспаздық өнімдер де жатады. Сапалы шикі тамақ өнімі сапасыз тамақпен бірге өңделсе немесе бірге сақталса тез бұзылып, тамақтан улануға әкелуі мүмкін.

Әсіресе, піскен тамақтың өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізу секілді сатылары бұзылса, микробтар өте тез көбейеді. Сондықтан да температуралық өңдеуге жатпайтын, піскен тамақтар немесе салаттардың сақталуына ерекше назар аудару керек.

Тамақты салқын жайда сақтау қажет, ал дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтауға болмайды, тіпті тоңазытқыш ішінде дайын тағамдарды көп сақтамау керек.

Сауда-саттық орындарында (дүкендерде) алдымен тағамдардың жарамдылық мерзімі мен сыртқы түріне мән беру қажет. Тағам өнімінің қаптамасы бүлінген жағдайда, жарамдылық мерзімі анық көрсетілсе де, өнімді алмаған дұрыс. Өйткені, мұндай орамада кез-келген өнім тез бұзылады. Кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алған жөн, себебі қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет.

Сондықтан кез-келген жерлерде немесе көшелерде белгісіз адамдардан дайын тағамдар мен сүт өнімдерін сатып алмаған жөн.
Тез бұзылатын тағамдардың сақталу мерзімін қатаң сақтау керек.
Тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары:
- тамақтанар алдында жеке бас гигиена талаптарын сақтау;
- термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс жидектерді ағынды сумен тазалап жуу;
- тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда белгіленген мерзімде сақтау;
- кондитер өнімдерін тек тоңазытқышпен жабдықталған дүкендерден ғана алу керек, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет;
- үй жағдайында дайындалған консерві (ет, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмаған жөн;
- егер тағамның түрі, түсі иісі және тағы басқа күмән тудыратын болса – бұндай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;
- тағамды әсіресе көктем – жаз мезгілінде азмөлшерде дайындаған жөн.

Халық денсаулығын және балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін жұмысқа қабілеттік пен ақыл-ой дамуын, өміршеңдікті, аурулардың алдын алудың негізгі фактордың бірі – ол салауатты, дұрыс тамақтану.

Аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Шынар Айдарова
30 маусым 2023 ж. 326 0