№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Бірлігі түзу елдің тірлігі түзу

Бірлігі түзу елдің тірлігі түзу


Тәуелсіздігіне отыз жылға жуықтаған Қазақ елінің біртұтастығы, қонақжай қасиетімен бір шаңырақтың астында қаншама ұлт өкілдерін айрандай ұйытып, тату-тәтті өмір сүруі күллі әлемге үлгі және іштей ыдыраған елдер үшін өнеге боларлықтай жетістік. Сол ынтымақ-бірліктің бір көрінісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. Көп этнос өкілдерін топтастыратын бұл мәдени ұйымға ресми пәрмен де берілді.
Қазақстан Халқы ассамблеясын құру туралы 1992 жылы жария болған Тұңғыш Президенттің идеясы 1995 жылы 1 наурызда жүзеге асырылды. Осы кезеңнен бастап аталған кеңесуші орган шынайы түрде өз ісіне кірісіп кетті.
Бүгінде елімізде 100-ден астам этностың мектебі, бес республикалық және он алты аймақтық газеттер шығады, алты ұлттық театр қызмет етеді.
Республикалық деңгейде мәдени шараларды жиі өткізіп тұрады. Парламентте Ассамблеядан сайланған депутаттар мемлекеттік ұстаным тұрғысынан өздеріне артылған жауапкершілікті адал атқаруға тырысып келеді.
Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерін бір арнаға біріктіріп, мақсат-мүддесін айқындайтын мүдде бірлігі деген қасиетті ұғым бар. Өйткені ортақ Отанымызды мекендеген сан ұлттың тілі басқа болғанмен тағдыры бір.
Табиғатына тән қонақжайлық қасиеті қазақ халқын қай ғасырда да жатты жақын еткен жомарт пейілінен ажыратқан емес. Империялық Ресейдің саясатымен қазақтың кең даласына ертеден күштеп көшірілген қаншама ұлт пен ұлысты бауырына басып, барын аузына тосқан халқымыз ешкімді алаламай қамкөңіл жандарға қысылғанда пана бола білді.
Қазақ халқының өзіне тән салт-дәстүрлерінің қай-қайсысы болмасын бұқараға бірдей тартымды, адами құндылықты қастерлеуге құрылған, бар мен жоқты теңейтін, астарында міндетті түрде жомарттық пен қайырымдық қағидалары тұнып тұрғанын да аңғаруға болады. Мәселен, ата-бабасына ас беруден бастап жаңа туылған нәрестесінің әрбір қадамына той жасап, ат шаптыруға әзір тұратын қазекемнің кең дастарқаны кім-кімді де бөліп-жармай көпшілікке бірдей жайылады. Қазірде ауылдық жерлерде ғана емес қалада да тұтас үйдің тұрғындары бас біріктіріп, аулада дастарқан ұйымдастырып наурыз көже ішуді дәстүрге айналдырып келеді.
Оның соңы түрлі мәдени-көпшілік шараларға жалғасып, жеңімпаз деп танылғандарына жүлде таратылып, мәре-сәре болып жататын той-думанның көңіл көтеру ғана емес, адамдар арасындағы түсіністікті, татулықты арттыратын тағылымы терең деуімізге әбден болады.
   Биыл Төменарық ауылында  «Алғыс айту күні»  өткен осындай шараның куәсі болдық. Аудан әкімінің     мерекелікарнайы іс – шарасы  осы ауылда ұйымдастырылды.  300 – ден аса континенгті қамтыған шарада алты түрлі ұлттың ас мәзірлері ұсынылды. Осында тұратын этнос өкілдері еркін тақырыптапікір алмасып, өз бойларындағыөнерлерін ортаға салды.
Ұлттар саясатында «адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген қағиданы қастерлі ту ете білген кеңестік кезеңнің ұстанымы сыртқы мазмұнымен болса да желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына интернационалдық тәрбиені тереңдеп егіп кеткені шындық.
«Бар әлеммен бір туысқан Қазақстан» деп ән шырқаған жеткіншектер қатарында «Талай-талай асулардан, құшағына ап асыл арман. Өттік талай асулардан, орыс, қазақ, латыш, армян» деп ән жаттағанымыз күні кеше. Бірақ бұл ойдан шығарылған дүние емес, тарих еді. Ұлттар достығының осындай ғажайып үлгісін кешегі ел басына күн туған қиын-қыстау отты күндері кеңес халқы жаһанға паш еткен болатын.
Бүгінгідей «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт заманда осы үлгімізді, өнегемізді одан әрі тереңдетіп, «Ұлы даланы» ұлттар бірлігінің ұжмағына айналдырар дәстүр сабақтастығына сына түсірмеуге тырысуымыз керек. Жер, су, ауа адамзатқа ортақ, оны жаратылыс иелерінің   ортақ  пайдалану қахы бар, дегенмен мемлекеттілікті бекемдеп, оның дамуын заңдық-құқықтық негізде жүйелеуде қабылданған әр елдің өз ережелері, салт-сана, дәстүр қағидаларына құрметтілік таныту тарихи әділеттіліктің ең биік көрінісі болып табылады. Осыны бар ділімен сезініп, шырайына шаң жуытпаған елдерде араздық деген атымен жоқ, бір заңның аясында, бір тудың саясында адами құндылық салтанат құрып келеді. Қай ұлттың өкілі болмасын өзі туып өскен Отанның игілігі жолында төккен тер, атқарған еңбегімен ғана мәртебелі.
Қазақстанда тамыры тереңге кеткен халықтар достығы тақырыбына дәлел-дәйекті өз туған жерімізден де көптеп келтіруге болады. Қазірде Жаңақорған ауданында 17 ұлттың өкілдерін құрайтын 600-ге жуық халық бар. Ата-бабалары ежелден қоныс еткен өңірді тарихи отаны санайтын әрбір ұлт өкілінің кіндік қаны тамған жерге қалтқысыз ықыласын жазбай тануға болады. Қазақтың тілін өз ана тіліндей терең меңгерген өзге ұлт өкілдері тұрғылықты жердің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүр, жөн-жоралғыларын да жатсынбай өмір мазмұнына айналдыра алғанының өзі татулықтың нығайып, тұрақтылықтың салтанат құруына мықты негіз қалап отыр десек жаңылыспаймыз.
– Мен көзімді ашқаннан осы елде өмір сүріп келемін. Отыз жыл аудандық әскери комиссариатта жауапты қызмет атқардым. Ерім Михайл екеуміз өнегелі перзент тәрбиеледік. Ұлымыз қазірде Астана қаласында тұрады, дәрігер. Отбасылы. «Қолыма келіп тұрыңыздар» дегеніне нешеме уақыт өтті. Жаңақорғанды қимаймыз.
Қазір Қазақстанның кез келген жерінде  жайлы өмір сүруге болады. Қала мен ауыл теңесіп келеді, жағдайы көп жақсы. Тұрмыстан таршылық көрмеуіміз мүмкін. Бірақ айналаңдағы адамдардың риясыз көңілін сезініп, соның шуағына жылынып жүргеннің қуанышы бөлек. Жаңақорғандымүмкін, сондықтан қимай жүрміз, – дейді Павлова Галина Әкімжанқызы бізбен әңгімесінде.
  Біріншімамыр – достық пен  бірлік мерекесі аясында  біз  Қызылорда облысы әкімі аппараты  ҚоғамдықКелісім  КММ – нің  Жаңақорған ауданы бойынша  этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы  Асхат Тұрдыұлын әңгімеге тартқан едік. Ол былай дейді:
– Он жеті ұлттың өкілі тұратын ауданымызда тұрғылықты халықпен бірдей еңбек етіп, даңққа бөленіп  мерейі асқан өзге ұлт өкілдерінің саны көп. Олар ағарту саласында да, руханият саласында да, өндіріс саласында  да көптеп саналады. Әсіресе халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуде  түрік бауырларымыздың  бәсекелестік бәсі жоғары екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ол кісілерден тек үйренуіміз керек. Бастысы, елде ынтымақ болғанға  берекеміз арта берерін  ел ұмытпаса екен.
Біздің де тілек осы.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
---
01 мамыр 2020 ж. 779 0