№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тыныштық пен татулық елге тірек

Тыныштық пен татулық елге тірек

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қазақ мақалында елдің тұтастығы, бітімгершілігі тұнып тұрғандай. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге барша ел мерекені онлайн бағытта өрбітуде. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Ал жыл сайын атаулы мерекеде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде ел аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын кең атырапта атап өтетін еді.

Қазіргі таңда Жаңақорғандағы этнос өкілдері мәдени байланыстар күшейіп, этномәдени бірлестіктер құрып, өз мәдениетін, дәстүрін және білімділігін байқатып жүр. Бұл, әрине, өзге елдермен салыстырғанда ашықтық пен жариялылық барын меңзейді.Қай ұлт болмасын өз туған жері мен өскен ортасын сыйлап, құрметтеп, ортақ тіл табысып, отау құрып, ұрпақ өрбітуді мақсат еткен. Мен мұны жергілікті тұрғындардың пейілінен пәк көңілінен байқапжүрмін.
Мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақ тілінің дамуына күшімізді салудамыз. Көп этнос өкілдері қазақша сөйлегенде мақал-мәтел,аңыз-әбсана қосатыны да рас. Біз мемлекеттік тілмен, мемлекеттік рухпен және елдік мүддемен мақтана аламыз!
«Бақыт қайда барасың?» дегенде ынтымағы мол елге барамын деген екен. Сол секілді өскелең ұрпақ санасына ұлттық татулықты насихаттап, ел тәуелсіздігін мәңгілікке сақтауға күш саламын. Бұл менің перзенттік борышым!
 
Рамзалия Төреханова,татар
ұлтының өкілі.
30 сәуір 2020 ж. 2 184 0