№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

   Тұңғыш Президенттің тікелей бастамасымен осыдан 21 жыл бұрын елдегі береке мен бірліктің мекені Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Бүгінгі таңда тегі басқа болғанымен, мақсаты ортақ мыңдаған қазақстандықтар Ассамблея шаңырағының астында татулықта тіршілік етуде. Әрине, мұндай бейбітшіліктің бастауында ұлттар мен ұлыстардың өзара рухани келісімі тұр.


  Күні кеше Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті. Басқосуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
  «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбында өткен алқалы басқосуға 1500-ден астам адам қатысты. Елбасы сессияда қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алатынын жеткізді. Оған қоса, ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы бейбітшіліктің қара шаңырағына айналғанын мәлімдеді.
Иә, исі қазақ жаратылысынан татулықты сүй­гендіктен бе, жүректің қалауы тыныштық болғандықтан ба, Елбасы Жарлығымен қабылданған 1 мамыр – Қазақстан халқы ынтымағы күні жыл сайын жоғары деңгейде тойланып, халықтар арасындағы татулықты нығайтып келеді. Бұл – тек бірлік күні ғана емес, жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетін тағылымға толы мереке.
  Тағдыры сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері жазиралы Жаңақорған жерінде де ғұмыр кешуде. Қазіргі таңда аудан бойынша 17 ұлт өкілінен 551 адам бар. Барлығы да жергілікті тұрғындардың ыстық мейірімін сезініп, осы мекенді қасиетті шаңырағы санайды. Сондай-ақ өзге ұлт өкілдері ауданда өтетін әрбір қоғамдық маңызы бар шараларға атсалысып, өздерінің белсенділігін танытуда. Біздің «Қоғамдық келісім» орталығы да аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, тұрақтылық пен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған мәдени-рухани шараларын жиі ұйымдастырып тұрады.
  Негізі, Ассамблея өмірге келген күннен бастап елдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатта ұйымдастырып, тұрақтылықты сақтап, ел дамуына лайықты үлес қосып келеді. Соның арқасында елде этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан әрбір азаматтың конституциялық, азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен сақталатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің іргесі берік нығайды. Қазақстанның бай этностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністіктің жаңа үлгісі қалыптасты. Мәселен, бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеті, тілдері мен дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар тиімді шешіліп келе жатқан ел ретінде Қазақ елінің халықаралық беделі өсуіне даңғыл жол ашып, игі ықпал жасады. Бүгінгі күні еліміздің этносаралық, толеранттылық пен қоғамдық келісім саласындағы жұмысы жаһан назарын аударып, үлгі боларлық дәрежеге жетті.
  Осы тұста, облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығы да өңірдегі мызғымас татулықты одан әрі нығайту мақсатында маңызды міндеттерін уақтылы орындап келеді. Қоғамдық келісім орталығының негізгі 3 бағыты: этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг, ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету, ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру болып табылады. Мұндай межелі міндеттерге аудандардағы этносаралық қатынастар жөніндегі эксперттер де қомақты үлесін қосуда.
Қорыта айтқанда, берекелі бірліктен туындайтын тату тірлік бар жерде алынбас асу, бағынбас белес жоқ. Олай болса, өркениеттің өрелі биіктеріне батыл қадам басқан Тәуелсіз Қазақстан күн санап көркейіп, дамып жетіле береді. Осындай игілікті жолда жаңақорғандық түрлі этнос өкілдері де сан салада өздерінің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Асхат СЕРІКҰЛЫ,
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің
Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы.
30 сәуір 2019 ж. 2 300 0