№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БЕРІК ОТБАСЫ ЕСІРТКІДЕН АЛЫС

БЕРІК ОТБАСЫ ЕСІРТКІДЕН АЛЫС

  
 
Халық даналығында «Құт қонған шаңыраққа ырыс ұялайды», «Отбасы – алтын діңгек» деген тәмсіл бар. Бұл – берекелі тірлігі мен ынтымақты бірлігі жарасқан әулеттерге қаратып айтылған. Ондай отбасылар тәлімімен көпке үлгі болады. Жасаған әрекетімен жұртқа өнеге көрсетеді. Осындай ізгі қасиетімен ағайын-туыстың алдында абыройы асқақ болған, алтын діңгекке айналған әулеттің бірі – Тұрсыматовтар әулеті. 
         Бұл әулеттің бір мүшесі – Түрсіматов Сейтжаппар Исаұлы 1966 жылғы 10 тамызда дүниеге келген. Шаңырақтың шаттығына айналған отанасы Маржан Нұрымбетова 1967 жылы 18 қазанда өмірге келген. Екеуі де Жаңарық деп аталатын елді мекеніннің тумалары. Сейтжаппар Түрсіматов 1993 жылдан бастап 2012 жылға дейін ішкі істер саласында қызмет еткен. Бүгінде зейнеткерлікке шыққан ол жұмыста да, ағайын-туыс пен дос-жаранның алдында да абырой биігінен көрінген азамат. Ал, жұбайы Маржан алдымен М.Мәметова атындағы педогогикалық училищеде, сонан соң Қорқыт ата атындағы университетте оқыған. Ол 32 жылдан бері №167 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарып келеді. Тәрбие мен білімді ұштастырған білікті маман талай шәкірттің жүрегіне жол тауып, ұстаз деген атқа лайық екенін дәлелдеді. Оның білім берген шәкірттері бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі салаларда еңбек етіп, еліміздің гүлденуі үшін өз үлестерін қосуда.
         Отбасындағы мызғымас бірліктің ұйытқысы болған бұл кісілер екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген қадірлі әке-шеше, алты бірдей немерені бауырға басқан сүйікті ата мен әже. 
         Ұлдың үлкені Садықбек Тұрсыматов Алматы қаласында тұрады. Оның әке мен ана берген тәрбиеден үлгі алып, адалдықты жанына серік еткен кәсіпкер екенін де айта кеткен жөн. Ол жұбайы Әйгерім Жолдыбаевамен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, отбасында алған тәлімін балаларына үйретуде. Қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегені осы болар, асылында. Қыздың үлкені Салима Тұрсыматова да Алматыда жұмыс жасайды. Ол Берден Баратбековтей азаматқа тұрмысқа шығып, үш ұл өсіріп отыр. Мұнан кейінгі қыз Жанна Исаева Қызылорда қаласындағы И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледжде радиотехника байланысы бөлімін бітіріп, Қазақтелекомда қызмет етеді. Бұл қыз Нұрдәулет Құрбанбаев есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Отбасындағы кіші ұл Мұхаммед Иса «Серпін» бағдарламасымен Семей қаласындағы инновациялық колледжде өрт сөндіруші мамандығы бойынша оқиды. 
         Бұл шаңырақтағылар отбасын береке-бірліктің қайнар көзі деп санайды. Олар берік отбасы есірткі мен басқа да зиянды әрекеттерден алыс боларына сенеді.Сондықтан да, әрбір үйдегі адамдар тату болса, айналасына да мейірім шуағын төгеді деп біледі. Сол себепті, «Отбасы бірлігі – Отанның бірлігі. Ағайынның ынтымағы – атамекеннің тұтастығы» деген нақыл сөздерді шаңырақты шайқалтпай ұстауға сеп болатын қағида деп қабылдаған. Өмір жолдарын өнегемен өрбіткен Сейтжаппар мен Маржанның отбасы осындай ұстанымдарға негізделген.Нұрбала ІЛИЯСОВА,
№ 167 орта мектеп мұғалімі.
Жаңарық ауылы.
24 қаңтар 2018 ж. 1 818 0