№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясы басталды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясы басталды


Елорданың Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуiмен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы басталды. Биылғы сессия «Бес әлеуметтiк бастама - қоғамның әлеуметтiк бiрлiгiнiң тұғыры» тақырыбымен өтедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Қазақстан Республикасының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы басталды.
ҚХА сессиясының жұмысына 1 500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірiнен келген Ассамблея ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым өкiлдерi мен бұқаралық ақпарат құралдары бар.
Сессия соңында салтанатты концерт өтедi деп жоспарланып отыр.


28 сәуір 2018 ж. 1 013 0