Журналист биігі – бәсекеге қабілеттілігінде
Қоғамның негізгі мәселелерін тап басып, тамырының бүлкілін танып, сананы сілкіп жазатын журналистер бар. Ондай қаламгердің рухани дүниесін бір деммен оқып шығасыз. Сосын тағы көз саласыз. Шығармашылық шеберлігіне таңғаласыз, таңданасыз. Міне, сөзге сұңғыла, ойға қағылез, көзқарасы мығым, қаламы жүйрік сондай қаламгердің қатарына Ержан Байтілесті көреміз әрі өзімізге үлгі етеміз.
Расында, Ерекеңнің қазақ журналистикасында биік тұғыры бар. Ол – өз оқырманын тапқан, яғни оның әрбір мақаласын іздеп жүріп оқитын оқырманы қалыптасқан-ды. Кез-келген қаламгер үшін бұдан асқан бақыт бар ма?
Журналистика қазанында қалыптасып, қоғамдық жұмыс алаңында шыңдалып, мемлекеттік қызмет мектебінде кемелденіп, елге қызмет ету жолын тапқан Ерекеңді «Сенбілік сұхбат» төріне шақырып, түйген түйдек-түйдек ойларын білуге тырыстық.
Алғашқы сұрақты кәсіби мамандығы турасында қозғап: «Журналистиканы таңдауыңыз аға жолын жалғау ма, әлде бала кезден қалыптасқан мақсат-мұратыңыздың жемісі ме? – деп төтесінен қойдық.
– Шынымды айтсам, бала кезімде журналист боламын деп мүлде ойламаппын...
Біздің ауылдың үлкендері бірінен-бірі өтетін айтқыштар еді. Өмірдің өзінен алынған әдемі әзілдер мен халықтық қалжыңдарды естіп өстік. Иә, ауыл айтқыштарының айтқан әзілдері мірдін оғындай өткір болғанымен, ешкімнің жанын жараламайды, зілі жоқ, бірақ, астарлы сөзімен түйреп түсетін.
Сондықтан бала кезімізден әзіл-қалжыңға бір бүйрегіміз бұрып тұратын. Сол кездері «Тамаша» ойын-сауық отауы қоғамды өзіне баурап, астарлы әзіл-қалжыңымен көптің көңілінен шығатын. Осының бәрі әсер еткендіктен болар «театр әртісі» болуды ойладым. Ол үшін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып, өнерді шыңдау керектігін білдім. Осы мұрат жолында ауылда көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, мектеп сахнасында өнер көрсете бастадым.
Ата-ана баласының болашағына алаңдайтыны белгілі ғой. Жоғары сыныпта оқып жүргенімде үйдің үлкендері таңдаған мамандығыма байланысты пікірін жиі айтатын.
Әлі есімде, таңғы шай үстінде анам: – Ержан-ау, қандай мамандыққа барасың? – деді.
Мен әртіс болғым келетінін айттым.
Қазір ғой әртіс біткеннің бәрі жұлдыз. Ол кезде әртістердің әлеуметтік жағдайы да белгілі. Сол себепті «әртістік мансабыма» ықылас таныта қоймады.
Сосын:
– Онда математикасы жоқ қандай мамандық бар? Соған барамын – дедім.
Өйткені бала кезімнен есеп-қисапқа жүйріктігім жоқ еді.
Үйдің үлкендері филология мен журналистиканы ұсынды.
Менің таңдауым екіншісіне түсті. Себебі Нұртөре Жүсіп салған жолды жалғап, ағам секілді мықты журналист болуға ниет таныттым.
Осы тандауым Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне жетеледі. Сөйтіп бұрқырап қайнап жатқан журналистика қазанына түсіп, үздіксіз іздену мен еңбектену жолын таңдадық, – деп жауап қатты ол.
– Сіз алаш жұртына рухани бағдаршам болған белді, беделді республикалық басылымдардың мектебінен өттіңіз. Тілші ретінде Сыр өңірінің сүйінші жаңалықтарын жазып, журналистикада өзіндік қолтаңбаңызбен ерекшелендіңіз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденіс пен қажырлы еңбекті талап ететін журналистік жолда ең бірінші жазған мақалаңыз есіңізде ме? Қандай тақырып көтеріп едіңіз? Сырды жағалай қоныстанған өңір туралы жазған ең құнды мақалаңыз қайсы? Осы жөнінде салмақтап, саралап, өз-өзіңізге есеп берген кездеріңіз болды ма?
– Алғашқы еңбек жолым студент кезімде басталды. 3-курсты бітіріп, ауылға келдім. Бұл – 2001 жыл. Сол жылы «Жас алаш» газетінің 80 жылдығы республика деңгейінде аталып жатты. Арнайы делегация Қызылорда облысына келді. Мерейтойлық кездесу аясында Серғазы Мұхтарбековпен таныстым. Орыс тілінде тарайтын «Респубкика» газетінің «Нұр» деген қосымшасы қазақ тілінде шығатын. Қосымшада экономикалық сараптамалық мақалаларға басымдық берілетін. Серғазы аға газеттің қосымшасына атсалысуға шақырды. Содан 4-кустан бастап штаттан тыс тілші ретінде газет өндірісіне араластым. Кейіннен «Республикадан» еншісін алып, «Қазақстан» деген газет құрылды. Осы газетте еңбек жолымды бастап, Серғазы ағаның редакторлық тәлімін алдым.
2002 жылы «Ақжол Қазақстан» газетін құрушылардың қатарында болдық. 2005 жылға дейін осы газетте аға тілші болдым.
Одан кейінгі журналистік жолым Қали Сәрсенбай басқарған «Алматы Ақшамында» жалғасып, қанатымыз қатайып, «Ана тіліне» бардық. Онда энциклопедиялық білімі бар Мақсат Тәж-Мұраттың бірінші орынбасары жауапкершілігін мойынға алдық. Мақсат ағадан кейін Самат Ибрагим газеттің тізгінің ұстады. Елдегі іргелі медиахолдинг – «Қазақ газеттері» ЖШС басқарған Бауыржан Омарұлы мен Жұмабек Кенжалин тәжірибелі медиаменеджер ғой! Солардың да тәлімін бойға сіңірдік.
2011 жылы Алматыдағы күйбең тірлік шаршатты ма, әлде елге деген сағыныштан ба, туған жерге табан тіріп, елдің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі болдым. Жеті жылдан аса Сырдың сүйінші жаңалықтарын сүйіншілеп, өңірдің негізгі мәселелерінің түйінін тарқатуға үн қостым.
Мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлының шақыруымен қоғамдық жұмысқа араласып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты ретінде де танылдым.
Шүкір, журналистикадан басталған еңбек жолым қоғамдық жұмыспен ұштасып, одан кейін мемлекеттік қызметпен жалғасын тауып, саяси қызметке ұласты.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінінің сектор меңгерушісі болсам, 2021 жылдан Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалдым.
Бір шеті Түркістан облысымен, екінші шеті Ақтөбе облысымен, бір жағы Қарақалпақстанмен, екінші жағы Арқа төсімен шектесіп жатқан, Сырдың суын тел емген өңірдің барлық ауданы мен ауылында болып, өз туған жерімнің қасиеті мен қадірін таныдым. Тауы мен тасы, өзені мен көлінің маңызына мән беріп тарихи құндылығы жоғары мирас дүниелердің куәгері болу бақыты бұйырды. Облыстың негізгі мәселелерін қаламға арқау етіп, ұлттық құндылық, салт-дәстүрлерге байланысты байламды мақалалар жаздым.
Сыр өңірінде Бен Ладен, Саддам Хусейнмен аттас балалар тұрады екен. Соларды жаздым. «Қалада болмайтын қызықтар», «Ауыл балаларының алданышы», «Қой кезек» және т.б ауыл өміріне арналған көркем шығармалар ел газетінде жарияланды. Одан бөлек, бітпей жатқан жол, құлап жатқан мектеп, жетпей жатқан газ, бұзылған мәдениет ошақтары жайлы жазған проблемалық мақалаларым да аз емес.
Фотогроф досым Бағдат Есжанмен бірге «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығына екі күндік сапарға барып, «Барсакелместен» келдік» деген очерк, қарт Қаратаудың тау-тасын үш күн шарлап «Қатпар-қатпар Қаратау» деген мақала жаздым. Археолог Әзілхан Тәжекеев Сыр бойындағы көне қалаларды көп зерттеді. Археологтардың жұмысының негізінде көне қала туралы «Мола үстіндегі қала» зерттеуімді оқырмандарыма ұсындым.
Бұл мақалаларымның басым көпшілігі «Пенде мен перде» кітабына енді. Қалғанын екінші кітабыма арқау етемін.
Әрине, ең алғашқы жазған мақалам есімде.
Бірінші курста Ермахан Шайқыұлы «Сатира негіздері» деген сабақтан дәріс берді. Өзі «Жас алаш» газетінде шығатын «Біртүрлі» бетіне мақала жазыңдар деп тапсырма берді. Жоғарыда айттым ғой, біздің ауылдың айтқыштары көп деп. Ағаларымның айтқан қағытпа қалжындарын рет-ретімен жазып, ұстазыма ұсындым. Көп ұзамай мақалам «Жас алашқа» шығып, қатты қуанғаным есімде. Содан бастап жазу өнеріне қызыға бастадым.
Қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеген Темірбек Қожакеевтің тәрбиелеуімен әзіл-оспақ тақырыбында жазып, журналистиканың баспалдағын аттадым.
– Сізге дейінгі буын «Шерағаңның шекпенінен» шықтық деп мақтанып, масаттанып жүретінін жақсы білеміз. Сіз кімді ұстаз, үлгі тұтасыз?
– Нұр-Сұлтан қаласында Шерағаңмен дидарласып, сұхбат алдым. Журналист ретінде алғашқы сұрағымды осыдан бастап едім: «Кім кімнің шекпенінен шықпай жатыр?! Кім кімді тәрбиелемей жатыр?! Азды-көпті еңбегіміз сіңген екен, оны міндетсіну дұрыс па?» деп сұраққа төтесінен жауап берген еді.
Алаштың ардақтысы Ақселеу Сейдімбектен алған сұхбатым санама сәуле құйды. Сидней Олимпиадасынан Ермахан Ибрагимов чемпион болып келгеннен кейін сабап кеткені ел есінде. Сол кезде чемпионнан ең бірінші болып сұхбат алғаным құнды дүниелер ретінде есіме түсіп отыр.
Иә, бізге дейінгі буынның «Шерханның шекпенінен шықтық», «Бердіқұловтың бешпентінен шықтық» дегені қалыпты ұғымға айналды. Бұл бір жағынан, сол кездегі аға буын мен жастардың арасындағы сыйластықтан хабар беретін дүние. Яғни ұрпақтар сабақтастығы жаңғырып, ұстазға деген құрметтің нақышын көруге болады.
Ең бірінші ұстазым – Нұртөре Жүсіп. Ағамның бағыт беруімен, жол сілтеуімен бой түзедік, журналист ретінде қалыптасып, шыңдалдық.
Ал, өмір жолымда ұстаздық еткен, жол көрсеткен жақсы да жайсаң ағаларыммен мақтана аламын. Әрқайсынан үйренгенім, білгенім, алғаным, түйгенім өте көп. Қали Сәрсенбайды, Бауыржан Омарұлын, Мақсат Тәж-Мұрат, Серғазы Мұхтарбеков, Жанболат Аупбаев, Ержұман Смайыл, Сауытбек Абдрахмановты ұстаз тұтам, үлгі көремін. Бұл тұлғалардың қазақ журналистикасының көкжиегін кеңейтуге, ұлттық публицистиканың дамуында сіңірген еңбегі зор. Осындай қазақтың қабырғалы азаматтарының алдын көріп, тәрбиесін алғанымды ерекше бақыт деп санаймын.
– Дәстүрлі басылымдардың бағдары мен бағытына жаңа медиа өзіндік әсер еткені белгілі. Қазір әлеуметтік желінің тегеуріні қатты. Шу еткен оқиғаны әп-сәтте оқып, біліп отырмыз. Осындай бәсеке күшейген уақытта қаламгердің шығармашылық діңгегі не деп ойлайсыз?
– Заман бір орында тұрмайды. Дүниенің керуені күнделікті сан құбылып, ақпарат беру тәсілі мен формасы дамуда. Бұған интернеттегі ақпараттық сайт-порталдар және әлеуметтік желі, оның ішінде, YouTube арналар, Facebook-тегі топтық парақшалар мен түрлі қоғамдастық менеджердің рөлі жоғары.
Журналистер әлеуметтік желі қалыптастырған ақпараттық платформаны игеруде алғашында үреймен қарағаны рас. Бірақ өмір өзінің ақиқатын әрдайым ұсынады. Егер иегере алмасан бәсекеге қабілетті бола алмаймыз.
Ағартушы Ыбырай Алтынсарин:
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп көрегенді танытты емес пе?
Осындай заманда біз әлеуметтік желіден іргемізді аулақ салып, ақпараттық сайттардан кіндігімізді кесіп, басқа да заманның игіліктерінен еншімізді бөліп әкете алмаймыз. Жер-жаһанның бүкіл ақпараттық ағынын бір платформаға тоғыстырған желінің ақпараттық тасқынына дәстүрлі медианың төтеп беруі өте қиын. Тек мазмұнды контент арқылы өз биігін сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Яғни мерзімді басылымдар журналистік зерттеулер, сараптамалық мақалалар ұсыну арқылы ғана өміршең бола алады. Бұл – басы ашық нәрсе.
Оқырманға ойлы дүние, жан-жақты сарапталған, зерттелген, тіпті ғылыми тұрғыда негізделген, дәлелденген дүниелерді жазу, соңы ұсыну арқылы оқырманның назарын ұстау маңызды.
Әрине, елдегі елеулі жаңалықтарды мерзімді басылымдар береді. Алайда болған оқиғаны жіктеп, талдап, қоғамды мазалаған қадау-қадау сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сонда ғана оқырманын сақтап қала алады.
– Ақын мақтауға зәру емес, түсінуге зәру дегендей, журналистер қоғамдағы түйдек-түйдек мәселелерді көтеріп, елдің дамуына мұраттас екенін көрсетіп жүреді. Бірақ өз деңгейінде мән беріле бермейді. Неге?
– Жазылған мақалаға немесе түсірілген сюжетке өз деңгейінде мән берілмейді дегенге өз басым келіспеймін. «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қалыптастырып жатқан кезде әрбір сөздің салмағы сараланып, көтерілген мәселелер шешімін табуда. Мәселе Үкіметтің немесе әкімдіктің назар аудармайтынында емес, бәлкім жан-жақты зерттелген, сарапталған мақаланы біз ұсына алмай отырмыз ба? Осы қырынан бір байыптап қарау керек секілді.
Журналистердің көтерген мәселелері есепке алынып, шешіліп жатқаны жөнінде мысал көп. Барлығын сараламай-ақ, бірнешеуін келтіре кетсек, «Егемен Қазақстан» газетінде Сексеуіл кентінде 300 оқушының орталықтағы мектепке жетуі үшін күнделікті темір жолдан өтіп жүргені жазылды. Көп ұзамай мектеп салу мәселесі шешілді. Одан бөлек, Алматы қаласындағы Әуезов пен Төле би көшесінің қиылысындағы «Sulpak» компаниясы көпжылдық ағаштар қалаға қажет емес деп кесіп тастағаны жөнінде ақпарат тарады. Бұған да мән беріліп, кінәлілер жауапқа тартылды. Шығыс Қазақстан облысында 20 жылдан аса уақыт бойы шешілмей келген көпір мәселесі көтерілді. Яғни Бұқтырма су қоймасынан пароммен қатынайтын халықтың жанайқайына мемлекеттік деңгейде мән беріліп, шешімі тапты.
Тіпті әлеуметтік желіде қоғамдық пікір қалыптастырған мәселелерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей араласып, тиісті шешім шығып, қабылданып жүргеніне куәміз. Осындай дүниелер жергілікті деңгейде де орын алуда.
– Кейінгі кезде шығармашылық ортада жиі-жиі қозғалатын тақырыптың бірі – журналистердің арнайы мәртебесі. Олай деуінде себеп те бар, қазір журналистер бюджеттік не мемлекеттік қызметке жатпайды. Соның салдарынан әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған десек те болады. Яғни баспана алу және т.б бағдармаларға қатыса алмайды. Осыны шешудің механизмі бар ма?
– Шынында, журналистердің мәртебесі туралы жиі-жиі көтірілуде.
Журналистер – жығылғанды тұрғызып, жылағанды жұбатып, сүрінгенді демеп, бастамалардың баянды болуына ықпал етіп, яғни, қоғамдағы қалт еткен жайттарды дер кезінде көре біліп, көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастырып жүреді. Бірақ, өз мұңың, өз проблемасын айтуда қысылып-қымтырылып, өз атын өзі шақырған көкектей болғысы келмейді.
Өзіңіз айтқандай, журналистер не бюджеттік, не мемлекеттік қызметке жатпайды. Осы себепті журналистер арасында баспана мәселесі өте өзекті. Кәсіби қызметінде халықаралық, мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді көтеріп, кешкісін өзінің жалдамалы пәтеріне қайтатын әріптестеріміз арамызда көп. Дегенмен, мемлекет тарапынан баспаналы болуға бағытталған бағдармалар бар. Соның ретін пайдалануға болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын қоғамдағы төртінші билік деп жатады. Соған сай статусы болғанын құптаймын. Ал, шешу механизмдеріне келетін болсақ, бұл бағытта тиісті мемлекеттік ведомстволар қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, журналистердің мәртебесін айқындау секілді бастамалар көтеріліп, талқылап жүр.
Жалпы мемлекеттің бағыт-бағдарын көпшілікке түсіндіретін журналистердің мәртебесі анықталуы тиіс. Бүгінгі байыпты қадамдар соған алып баратынына сенемін.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Нұрлат БАЙГЕНЖЕ