Аудан жастары мен тұрғындары арасында өтетін мақалалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

Аудан жастары мен тұрғындары арасында өтетін мақалалар байқауының ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың мақсаты:
•Конфессияаралық келісім мен қоғамдық татулықты нығайту;
•Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
•Діни жоралғылардың ұрпақ тәрбиесіне тигізетін оң әсерін насихаттау;
•Ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту;
•Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениетін таныту және өскелең ұрпаққа үлгі ету.
2. Байқауға қатысушылар:
•Байқауға аудан аумағында тұратын жастар мен тұрғындар қатыса алады.
3. Мақала талаптары:
•Мақала кемінде 2, 3, 4 беттен тұруы тиіс (Times New Roman, 14 кегль, 1.5 интервал, А4 форматта).
•Мақалада жоғарыда көрсетілген тақырыптардың кемінде біреуі қамтылуы шарт.
•Материал толықтай авторлық болуы тиіс. Әлеуметтік желіден немесе кітап қорларынан көшірілген мәтіндер қабылданбайды.
•Плагиат анықталған жағдайда мақала байқаудан шеттетіледі.
4. Ұйымдастыру тәртібі:
•Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығыныің мамандарын тарта отырып материалдарды саралап, бағалайтын арнайы комиссия құрылады.
5. Жеңімпаздарды марапаттау:
•Үздік деп танылған мақалалар ауданның жергілікті басылымдарда жарияланады.
•Жүлдегерлерге арнайы бағалы сыйлықтар табысталады.
6. Байқау мерзімі:
•Материалдарды қабылдау: 31 тамыз 2025 ж. дейін.
•Қорытынды шығару және марапаттау: қыркүйек айы 2025 жыл.
7. Қосымша мәлімет:
•Мақалалар төмендегі электрондық поштаға жолданады:
Email: npo-kyzylorda@mail.ru
•Толық ақпарат: 8-707-316-49-25
Ұйымдастырушылар: Жаңақорған ауданының әкімдігі мен қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен.
Әділ-қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды!




