Соңғы жаңалықтар

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Жаңа оқу жылына дайындық қалай?


Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл науқандық кезең – білім беру ұйымдарының жай-күйін тексеріп, оқушылардың қауіпсіздігі мен білім алуына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ететін маңызды уақыт. Осы орайда ауыл мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын көріп білуді жөн санап, Түгіскен ауылындағы №209 мектепке табан тіредік.


Өткен оқу жылын абыроймен аяқтаған білім ордасынан 52 оқушы қанат қағып, олардың 7-еуі үздік аттестат иегері атанса, 6-ауы «Алтын белгі» төсбелгісін иеленді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 52 түлектің 17-сі мемлекеттік грантты жеңіп алды. Бұл – ұстаздар еңбегінің, оқушылардың талпынысы мен табандылығының айқын көрінісі.
Биыл да жаңа оқу жылын үлкен үмітпен қарсы алуда. 2025-2026 оқу жылында мұнда 689 оқушы білім алмақ. Мектепалды даярлық сыныбына 60 бүлдіршін қабылданып, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 80 оқушы жаңа өмірге қадам баспақ.
Оқушылардың сапалы білім алуы үшін сынып бөлмелері ретке келтіріліп, едендер жаңартылып, қабырғалар әктеліп-боялды. Оқу құрал-жабдықтары толықтырылып, кабинеттерге жаңа тақталар орнатылды. Қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау жүйесі тексерістен өткізіліп, дабыл қаққыш құрылғылар жаңартылды.
Сонымен қатар жалпыға бірдей білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға қолдау көрсету мақсатында 170 оқушыға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл игі іс балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына мүмкіндік бермек.
Мектеп директоры Лаура Үсенбекованың айтуынша, ұстаздар жаңа оқу жылы­на дайындық жұмыстарын тек материалдық база шеңберінде ғана емес, білім сапасын көтеру бағытында да жүргізіп отыр. Педагогтер жаз айларында біліктілік арттыру курстарына қатысып, заманауи оқыту әдістерін меңгерді.
Мектеп ауласының тазалығы мен көгалдан­ды­рылуына да ерекше көңіл бөлінген. Жаз бойы аула қоқыстан тазартылып, жасыл желектің күтімі жасалды. Мектеп ауласына қызылды-жасылды гүлдер отырғызылып, оларды суару жүйесі де тиянақталды. Бұл оқушыларға таза әрі әсем ортада білім алуға мүмкіндік береді.

Түйін: №209 мектеп үшін жаңа оқу жылы – жаңа жоспарлар мен жаңа үміттер жылы болмақ. Дайындық жұмыстары толық аяқталып, балалардың білім алуына, қауіпсіздігіне және жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Ендігі міндет – осы мүмкіндікті тиімді пайдалану.

Жәмила ЕРМАХАН

12 тамыз 2025 ж. 1 194 0