№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Үйде отырсаңыз вирустан құтыласыз"

"Үйде отырсаңыз вирустан құтыласыз"

Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 8 миллион адамнан асты. Иә күн санап инфекцияның таралу аумағы кеңейіп келеді. Ел аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу мақсатында «А», «Б», «С» жоспары құрылды. Дегенмен өңір-өңірде жұқтырғындар және одан өлгендер саны артып келеді. Неге? Осы сұраққа жауап іздеп, «Қазақстан» ұлттық арнасының шеф-редакторы Нұрбек Бекбауға осы сұрақты қойдық. Ол бұған дейін коронавирустың тез таралу себебі және оны шектеу шаралары жөнінде арнайы репортаж түсірген еді.
– Қараша айында Қытайды коронавирус тіркелді. Бас кезіңде адамнан адамға жұқпайды, тек теңіз жануарларынан жұғады дегенді ұстанды. Жұрт соған сенді. Бірнеше апта өткенде адамнан-адамға жұғады деген ақпарат тарады. Бұл – желтоқсан айының аяғы болатын. Көп ұзамай әлемнің өзге елдерінде тіркеле бастады. Осы кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сақтық шараларын қолға алып, ел аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу мақсатында жоспар құрды.
Бірінші кезеңде министрлік шекараға бақылауды күшейтіп, Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын бақылауға алды. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарының қоры құрылды. Одан бөлек, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын кезеңде шекарадағы бақылау күшейтіліп, 150 эпидемиолог жіберілді. Дәл осы кезеңде лабораториялық диагностика реттеліп, емдеу хаттамасы, эпидемияға қарсы іс-шаралар реттілігі бекітілді.
«Б» жоспары бойынша елге кіретін адамдар коронавирустың қауіптілік деңгейіне байланысты үш санатқа бөлді. Коронавирустың негізгі ошағы және тез тараған Қытай, Оңтүстік Корея мен Иранды қауіпті аймаққа, яғни 1А санатына қосты. 1Б санатына Италия, Франция, Германия және Испанияны жатқызды. Қауіпті аймақтан келген отандастарды 14 күн карантинге жатқызды. Еуропа елдерінен келген азаматтарды үй бақылауында ұстады, – деп бастады әңгімесін белгілі журналист.
– Министрдің алдын алу шараларын дер кезінде қолға алып, жоспар құрғаны ұтымды шешім. Бірақ вирус мұнымен шектеліп қалмады. Оның себебі неде?
– Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың індет тарай бастағаннан жоспар құрып, іске кірісті. Негізгі мәселе Қытайдан келеді деген болжанды. Бірақ бәрі керісінше болды. Коронавирус Еуропадан келген азаматтармен бірге келді.
Сөйтсек, вирустың эволициясы 14-17 күнге дейін көрінбей жүреді екен. Еуропадан келгендер үй карантинінде отырғанымен, елмен емін-еркін араласты. Сауда орындарын аралады, тойға барып, ағайын-туысты жағалады. Содан кейін ғана вирусты жұқтырғандар белгілі бола бастады.
Енді елдің ішінде вирус тарай бастағанда «В» жоспары іске қосылды. Қай қала, қай ауданда көп тіркелсе, сол жерді карантинге жабу басталды. Бірінші Нұр-Сұлтанға кіріп-шығатын 7 көше, және Алматы қаласына баратын 27 көше жабылып, коменданттық сағат енгізілді. Қазір Қазақстанның ірі-ірі қалалары карантиндік режимге көшті.
Төтенше жағдай жарияланар алдында Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы жоғары мектептердің студенттерге демалыс берілді. Олар ауылға барғаннан кейін үйде жатудың орнына тойға барды, достар болып жиналып, көшеде қыдырды. Бұл – вирустың өршіп кетуіне әкелді. Бір мысал, Шымкент қаласында бірінші тіркелген науқас Нұр-Сұлтан қаласынан қашып барған азамат. Ол өзінің анасына вирусты жұқтырды.
Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с) «Бір жерде оба шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Егер сен тұрып жатқан жерде оба шықса, ол жерден кетпе» деген хадисі бар. Бұған мұсылмандар амал етуі керек. Сонда жұқпалы індеттің таралуын азайта аламыз. Тарихтан осыған амал еткен оқиғаларды көруге болады.
Мұсылмандардың халифы Омар ибн Хаттаб (р.а) Медине қаласынан Шамды бағытқа алады. Оны Серх елді мекенінен Сирияда жауапты болған белді адамдары күтіп алып, жағдайды баяндайды. Халиф жолсерік болған сахабаларымен ақылдасады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сенімді серігі болған Абдуррахман ибн Ауф: «Бір жерде оба шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Егер сен тұрып жатқан жерде оба шықса, ол жерден кетпе» деген хадисті алға тартады. Осы сөзге тоқтаған Омар инб Хаттаб (р.а) кері қайтады.
Осы хадис мысал етіп, айтылды. Бірақ уәжге тоқтаған адам болмады. Шиелідегі оқиғадан соңы көруге болады. Ақыры жақындарына індет жұқтырып, тұтас ауылды карантинге жабылуына себепкер болды.
Біздің жастардың ішкі мәдениеті төмен бе, әлде жауапкершілігін сезінбеді ме, әйтеуір, ағайын-туысына вирус жұқтырып тыңды. Осы жерде Қытайдың Ухань қаласында білім алатын 100-ден аса жапон студенттің мысалға алуға болады. Жопандық жастар еліне қайтпай қойды. Неге? Еліме вирусты апармаймыз дегенді алға тартты. Бізге осындай патритизм жетпей жатыр. Солардың жауапкершілігі жетпей жатыр.
– Карантин деген не нәрсе?
– Италян тілінен аударғанда карантин (quarantena) уақытша тыйым салу дегенді білдіреді. Яғни жұқпалы індет таралмауы үшін жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық шаралар жүйесі.
Ғалымдар арасында карантин тәсілі көшпелілердің ғұрыптық дәстүр-дағдының бір бөлшегі дегенді айтады. Қазақ жаңа туған баланы қырық күнге дейін сыртқа шығармай ұстайды. Қырық күннен кейін қырқынан шығару дәстүрін жасайды. Неге? Себебі 40 күнде баланың да, ананың да иммунитеті қалыптасады. Мұны еуропалық ғалымдар да қолдайды.
Орта ғасырда 200 миллион адамды опат қылған оба ауруы тарады. Адамзаттың жартысын қырып кетті. Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) обаның салдарынан әбден әлсіреп, аяғы құлады. Оба өршіген кезде көшпелілер сәбиге жасаған тәсілді қолданды. Елге сырттан келушілерге, саудагерлерге, елшілерге қолданды. Қазақ хандары келген елшілерді қырық күнге дейін қабылдамаған кездері болды. Ондағысы қырық күннің ішінде індеттің белгілері белгілі болады.
Италяндықтар 40 күнді көшпелілерден үйренді. Олардың Қырым аймағында Кафа деген шағын қала қарады. Яғни көшпелілермен аралас-құралас болды. Италия арқылы Еуропаға тарады. Олар карантиннің арқасында обаны жеңді.
– Сіздің сөзіңізше, карантин дегеніміз індеттің өршіп кетпеуін болдырмау.
– Дұрыс айтасыз. Карантин инфекцияның кең таралуының алдын алатын шара. Коронавирустың белгілері тұмауға ұқсас. Ағайын-туыс, ауылдастар үшін өз-өзімізді оқшаулауымыз керек. Карантиндік режимді сақтамасаңыз жүздеген адаммен байланыста боласыз, бұл – жақындарыңызға тигізген зардабыңыз. Көшеде және т.б орында сөйлейсіз, түшкіресіз, түкіресіз, сол арқылы мыңдаған адамға жерлесіңізге жұғуы ықтимал.
Сондықтан карантиндік режимді сақтау міндет. Мұны азаматтық парыз деп ұғыну керек.
– Құдай бетін аулақ қылсың, бірақ ауру саны тым көбейіп кетсе, не болады? Біздің медицинаның қауқары жетеді ме?
– Алладан індеттің тыйылғанын тілейміз. Егер Еуропа елдері мен АҚШ-дай 100 мыңнан аса адам вирусты жұқтырса, бізге оның салдары өте ауыр болады.
Мұндай кезде елдегі медециналық мамандар және әскери госпитальдардың дәрігер-эпидемиологтары т.б медицина қызметкерлері толығымен коронавируспен күресуге жұмылдырылады, медициналық нысандар тек коронавирус індетін жұқтырғандарды және олармен байланыста болғандарды қабылдауға көшеді.
«С» жоспары іске қосылады. Бұл дегініңіз, ел аумағындағы әскери госпитальдар науқастарды қабылдай бастайды, олармен байланыста болғандар қонақ үйлер және т.б әлеуметтік нысандарда карантиндік бақылауға қояды.
– Мұндай жағдайға жетпеу үшін не істеу керекпіз?
– Мұның бір ғана жолы бар, ол – үйде отыру. Басқа амал жоқ.
– Сұхбатыңызға рақмет! Коронавирусты тездетіп жеңуді нәсіп етсін!

Сұхбаттасқан Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
18 маусым 2020 ж. 2 018 0