Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қорғанудың жолы қандай?

Қорғанудың жолы қандай?

Әлемнің 204 еліндегі 1 миллионға таяу адамға коронавирус індеті жұқты. Қазақстанды да айналып өтпеді. Қызылорда облысында 26 адамға вирус жұққаны анықталды. Оның ішінде, Жаңақорған ауданында 16 адамға жетті. Республика бойынша аудандардың ішінде алғашқы болып карантин жарияланды. Әрине, бұл – мақтанатын жағдай емес. Бұл – сақтық шараларын қатаңдату керек деген сөз. Қазір тұрғындар арасында коронавирусқа байланысты сұрақ көп. Біз ғалымдардың зерттеуіне сүйеніп, жауап іздеген едік.

– Коронавирус деген не?
– Коронавирус адамдардың да, жану­арлардың арасында да кездеседі. 2019 жылы желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында COVID-2019 вирусы анықталды.
– Әлемде бұрын-соңды корона­вирусқа ұқсас ауру болды ма?
– 1965 жылы алғаш рет адамның коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. 2003 жылы SARS-CoV вирусымен туындаған респираторлық синдромы анықталады. Коронавирустың бұл түрі Қытай, Сингапур, Канада елдерінде кең тарап, 7761 адамға жұғады. Оның 623-ы өлді. 2012 жылы Таяу Шығыста MERS-CoV вирусы тіркеліп, әлемнің 33 еліне тарады.
– Коронавирус қалай жұғады?
– Коронавирус адамнан адамға ауа арқылы жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде жұғады. Сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттармен және алиментарлық жолмен (тамақ, су арқылы) берілуі мүмкін. Ауа, тамақ өнімдері және тұрмыстық заттардан да жұғады.
– Коронавирустық инфекцияны тасы­малдаушы кім?
– Ауруға шалдыққан адам немесе жануар.
– Бұл инфекция қайдан шықты және қалай тарады?
– Қытай ғалымдарының мәліметінше, коронавирус (COVID-2019) табиғи резервары жабайы жануарлар (жарқанаттар). Адамдарға Оңтүстік Қытайдағы көтерме сауда базарларынан жұқты. Бұл сауда орталықтарында жарқанаттар мен жануарлардың етінен әзірленген тамақ өнімдері сатылады. Ғалымдар арасында коронавирустың бұл түрін тасымалдаушылар жарғанат дегенді қолдайтындар бар. Мұндай жарғанатты адамдар ас ретінде тұтынуы мүмкін. Вирус осы жолмен адамға жұғып, сосын мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғуда.
– Коронавирустық инфек­цияның негізгі симптомдары қандай?
– Қызу, жөтел, ентігу.
– Вирус сыртқы ортада да өмір сүре ме?
– Коронавирус сыртқы ортада тұрақсыз. Дезинфекциялық, құрамында спирті бар заттарға шыдамайды. 57 градустан жоғары температурада да өледі.
– Инфекцияның инкубациялық кезеңі?
– Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) екі күннен 14 күнге дейінгі аралықты қамтиды. Көбінесе 2-7 күн.
– Бұл инфекция емделе ме?
– Әзірге арнайы емі жоқ. Науқастар патогенетикалық және симптоматикалық ем алуда.
– Инфекцияға қарсы вакцина бар ма?
– Қазіргі уақытта бұл инфекцияға қарсы вакцина жоқ. Ғалымдар зерттеуде. Жақын арада табылады деген үміт бар.
– Коронавирустан қалай қор­ғануға болады? Алдын алу шара­лары қандай?
– Алдын алу шаралары:
Біріншіден, респираторлық аурудың белгілері байқалған жағдайда медициналық маска киіп жүру, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру.
Екіншіден, мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармау.
Үшіншіден, респираторлық аурудың белгілері бар адамдарға жақындамау.
Төртіншіден, кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ алдында қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
Бесіншіден, адамның көзіне, мұрнына, бетіне жақындамау жөтелгенде және түш­кіргенде ауызды майлықпен жабу.
– Коронавирустық инфекцияның симптомдары байқалған жағдайда қайда бару қажет?
– Жедел респираторлық инфекция­ның немесе коронавирустың белгілері байқалған кезде медициналық мекемеге бару қажет. Науқастың жағдайы нашарласа бірден медициналық жедел жәрдем шақыру керек. Жедел жәрдем бригадасы келгенше алдын алу шараларын сақтаңыз. Яғни өзге адамдарға жақындамаңыз, жөтел әдебін сақтаңыз, маска киіңіз және өз бетіңізше емделмеңіз.
– Жаңа коронавирустық пневмо­ниядан адам қайтыс болуы мүмкін бе?
– Коронавирусты жұқтырған науқас­тардың 3 пайызға жуығы қайтыс болады. 2 сәуірдегі мәлімет бойынша 952073 адам вирусты жұқтырса, оның 48841-і өлді.

P.S.: Ғалымдар коронавирустан қорғану­дың жолы біреу ғана дейді. Ол – үйде болу! Олай болса, жақындарымызға уақыт бөліп, отбасы құныдылықтарына мән берейік, ағайын!

Дайындаған Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
04 сәуір 2020 ж. 649 0