Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күдігі көп індеттің қатері

Күдігі көп індеттің қатері


Ауа арқылы жұға беретін коронавирустың таралу аумағы күннен-күнге өсіп келеді. Жер бетіндегі елдің бәрі Қытай елімен қарым-қатынасты үзіп, шекараларын тарс бекітіп, сақтық шараларын күшейтсе де, оны құрықтау қиынға соқты. Осы ретте, әлемді алаңдатқан коронавирустан қалай қорғанамыз? Індет қалай тарайды? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйене отырып, жауап береміз.

COVID-19 дегеніміз не және қаншалықты қауіпті?
COVID-19 – коронавирустардың жаңадан пайда болған жұқпалы ауру түріне жататын түрі. Әдетте, COVID-19 коронавирустық инфекциясы балалар мен дені сау жастарда жеңіл түрде өтеді. Дегенмен, инфекцияның ауыр түрі де бар. Мәселен, тыныс тарылып, жөтел қысып, бас айналу белгілері анықталса жедел жәрдем  шақыру арқылы ауруханаға жату міндетті. Осылай  жасағанда ғана инфекцияның таралуын тежеу және оның бақылаусыз таралуының алдын алуға болады. Ал осы індетке шалдықпас үшін барынша карантиндік шараларды сақтау өте маңызды.

Вирус қалай таралады?
Жөтел және түшкіргенде. Қол алысу кезінде. Заттар арқылы. Дәл осы заттар арқылы адамға беріледі. Негізгі вирустың ағзаға ену жолы көз, мұрын және ауыз болғандықтан сақтану жолын өзің үшін ұстану керек. Сонымен қатар, COVID‑19 адамның жөтелуі немесе түшкіруі кезінде бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы берілетіндіктен көпшілік орындарда адамнан 1 метрден астам қашықтықта тұру маңызды.

COVID-19 белгілері қандай?
Дене қызуының жоғарылауы 90% жағдай, жөтел 80% жағдайда (құрғақ немесе аз мөлшерде қақырық), ентігу 55% жағдайда, кеуде қуысында қысылу сезімі - 20% жағдай, ал ең маңыздысы бұл аурудың басында дене температурасын көтермей байқалуы.
Көптеген адамдарда (шамамен 80%) ауру сауығумен аяқталады, бұл ретте арнайы емдеу іс-шаралары қажет. Шамамен COVID-19 пандемиясының алтыншы сатысында тыныс алу жетіспеушілігінің дамуымен ауыр симптоматика пайда болады. Қарт адамдарда, сондай-ақ созылмалы аурулармен атап айтқанда  артериялық гипертензия, жүрек аурулары немесе диабетпен ауыратын адамдарда аурудың ауыр өту ықтималдығы жоғары болады.

Коронавируспен қанша күн ауырады?
Коронавирустық инфекцияның орташа ұзақтығы 13-22 күн:
1-4 күн аралығында жоғарыда аталған аурудың алғашқы көріністері байқалады, температура фебрильді сандарға дейін көтеріледі (38С астам), бұлшық еттердің ауыруы жиі болады;
5-6 шы күні – ауаның жетіспеуі, тыныс алу қиындап, жөтел ұстамалары ұзақ болады;
7 күн – тыныс алу мәселелері қиындайды;
8-9 күн – тыныс алу жетіспеушілігінің шарықтау шегі пайда болады;
10-11 күн-қолайлы нұсқада науқастар емді бастайды, тыныс алу бұзылыстары дұрысталады;
12 күн – көптеген емделушілерде дене температурасы нормалық деңгейге  дейін төмендейді;
13-22 күн – біртіндеп сауығу яғни ағзаның барлық функциялары қалпына келе бастайды.
Басқа респираторлық вирустық аурулармен салыстырғанда, covid-19 пандемиясының ауыр деңгейде өтуі осындай жағдайларға байланысты орын алады.

Вирус қаншалықты төзімді?
Сыртқы ортада коронавирустар +33 °С кезінде 16 сағат, +56 °С кезінде 10 минут ішінде инактивацияланады; Коронавирус аэрозоль құрамында 8-10 сағат, суда 9 тәулікке дейін сақталады. Сондай-ақ бүл індеттің көзін жоюда кварц шамдарының да көмегі зор. Ауру белгісін жою уақыты оның қуаттылығына байланысты болса, шамның  15 минутқа дейінгі аралықта қосылып тұруы да вирусты жоюға көмектеседі.

Індет қайта қайталануы мүмкін бе?
Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясымен ауырған адамның қайта жұқтырып немесе қайта сол індетпен ауру жағдайы әзірге тіркелген жоқ.

COVID-19 пандемиясының емібарма?
Коронавирустан толығымен айығу үшін жасалған арнайы препараттар жоқ. Алайда емдеу шаралары науқастың қай сатыда ауырғанына байланысты тағайындалады. Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымы С гепатитіне және гемморагиялық қызбаларға қарсы вирусқа қарсы препаратты және β-1b интерферонды қолдануды ұсынды. Науқастар осы тәсіл арқылы ем-домын жалғастырады.
Ендеше «Қамданған қапы қалмайды» дегендей, біздер де отандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің ескертуіне құлақ асып, коронавирус мәселесіне өте сергек қарап, сақтық шараларын ұстанайық ағайын.

Лаура БИБАСАРОВА
15 сәуір 2020 ж. 689 0