Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Адырбектен Абайға дейінгі жол

Адырбектен Абайға дейінгі жол

  Ол – Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, Жаңақорғанның Құрметті азаматы. Пайымы бар кісіге осының өзі біраз нәрседен хабар берсе керек-ті.
  Мұндай биікке қалай жетті десеңіз, оның 25 кітабы баспаны көріп, оқырманның қолына тиген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тіліне аударылып, тараған. Адырбек Сопыбековтің балалар әдебиетінде қалам тербеген туындысының («Көктем жыры», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ») өзі бір төбе. Керек десеңіз, баланың обрызына кіріп, балғынға қажет өлеңді жазу ерлік, батырлық, тапқырлық, таланттылық демеске болмас. Өйткені, баланың жанын, балғынның ішкі табиғатын ақынның ақыны ғана түсініп, өлеңмен кестелей алады.
Тіптен, Сопыбековты ақын ғана деуге болмас. Оны педагог, ағартушы, ұстаз десек те болады. Неге десеңіз, оның қаламынан шыққан шумақтар баланы білімге құштарландырып, өнегелі, тәрбиелі болуға үндейді. «Тіл алғыш Нұра, сеніңіз, Жұмсасаң кетер, бұл шауып. – Нан әкеп бер, – деп оны біз, Дүкенге бірде жұмсадық», «... –Үйге берген сабақты, Қанеки, кім айтады? Деп мұғалім тіл қатты, Күндегідей бәріміз, Айтпақ болып сабақты, Қол көтердік тағы біз». Екі өлеңнің бірі тәрбиеге, екіншісі білімге, білім алуды мазмұн еткені айтпаса да түсінікті.
Ал, «Мансұр – суретші», «Мансұр – домбырашы», «Мансұр әнші», «Мансұр – боксер», «Мансұр – шахматшы», «Мансұр – жүйрік» деген өлеңі арқылы баланы білімге, өнерге, спортқа талпындырып, сегіз қырлы, бір сырлы болуға тәрбиелейтіндей.
Адекең:
– Ал, балалар, қараңдар,
Көзді жұмдым, тараңдар.
Оңға дейін санаймын,
Содан кейін қараймын.
Сөйлемеңдер, күлмеңдер
Сонымен «Бір» деңдер.
Айтам енді «Екіні»
Кім тығылып бекінді.., – деп баламен жасырынбақ ойнайды шығармашылығында.
Соқпағы қиын балалар әдебиетінде бүлдіршін танымына арналған «Айға сапар», «Түңгі күзет», «Боранды түнде», Жоғалған қыз» және т.б. поэмасынан, оның ақындық қабілет-қарымы жоғары екенін еріксіз мойындайсыз.
Сонымен қатар, тарихи поэма мен дастанын оқып, оны өлеңмен сөйлейтін қазақтың соңғы өкілдерінің бірі екенін ұғасыз. Себебі жаһандану дәуіріндегі қазақ өлеңмен ойын өрнектемек түгілі, қ

Сонымен қатар, тарихи поэма мен дастанын оқып, оны өлеңмен сөйлейтін қазақтың соңғы өкілдерінің бірі екенін ұғасыз. Себебі жаһандану дәуіріндегі қазақ өлеңмен ойын өрнектемек түгілі, қара сөздің парқын ұқпай қалғаны шындық.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

14 тамыз 2019 ж. 679 0