Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АРМАНҒА ҚАНАТ БІТІРген

АРМАНҒА ҚАНАТ БІТІРген

   Армансыз адам болмайды. Асқақ мұрат пен арман өзің өмір сүрген мекеніңе де байланысты. Оған өмірде мысал көп. Мәселен, Елорда – армандар орындалатын шаһар. Оған осыдан он жыл бұрын Астанаға арман қуып барған жаңақорғандық Дәурен Байкенжеевтің жалынды жігері дәлел. Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін тәмамдаған Дәурен Астанаға жол тартады. Жолы болып, Нұр-Сұлтан қалалық «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жұмысқа орналасады. Бүгінде режиссерлық үйірмеге жетекшілік етіп жүрген жерлестің жетістігі бір төбе. Арнайы студияда сан түрлі түсірілімдер түсіретін жас режиссердің талабы таудай. Дәурен Бексұлтанұлымен тілдесу барысында өзінің қызмет ететін орны «Оқушылар сарайының» мүмкіндігімен таныстырды.

– Оқушылар сарайы – жастардың рухани және мәдени дамуының маңызды құтханасы. Елбасы тапсырмасымен салынған ғимараттың жаһан бойынша баламасы жоқ. Орталық жеті бағытта жұмыс істейді. Олар: ғылыми-техникалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, спорт-шынықтыру, тарихи-өлкетану, психологиялық қолдау және балалар қозғалысы бағыты. Жалпы, мұнда 10 мың баланы қамти отырып, 650-ге жуық топ, 125 үйірме бар. Оларға 200-ге жуық қосымша білім педагогтары сабақ жүргізеді. Өзім медиа-орталықта балаларға ролик түсірудің қыр-сырын үйретеміз, – дейді Дәурен.
Сән салтанаты келіскен «Оқушылар сарайындағы» студияда жеткіншіктерді жаңа өнер түріне баулып жүрген жас режисер қызметтен қол үзбей Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білімін шыңдауда. Режиссура мамандығына машықтанып жатқан Дәурен қазіргі дейін бірнеше деректі фильм, бейнеклип, шағын роликтер түсіруге басшылық жасаған. Әсіресе, осының ішіндегі Қазақстанның 3-ғарышкері Айдын Айымбетов жайлы түсірген деректі фильмі сәтті шыққан. 2016 жылы қоюшы-режиссер ретінде Елорда төрінде «Асыл Арман» атты фильмнің тұсауын кеседі. Ғарышкер Айдын Айымбетовтың оң бағасын алған туынды республика бойынша кинотеатрларда көрсетілген. Осындай қарбалас қызмет барысында шетелде біліктілік тәжірибесін арттыруға мүмкіндік алған. Еуропаның бірнеше елінде білімін шыңдаған Дәуреннің тағы да бір сүйікті ісі – суретке түсіру. Кәсіби фотограф. Бұл өнер оған әкесі, Сыр өңіріне ғана емес, республикаға танымал компазитор, әнші Бексұлтан Байкенжеевтен дарыған. Бұл жөнінде әншінің ұлы: «Негізі әкем әншілік өнерден бөлек, сурет түсіруге қызыққан. Фотоаппаратымен гастролдік сапарда жүрген саяхаттары мен туған ел топырағының тұмса табиғатын суретке түсіруді ұнатқан. Міне әулетте осы бір өнер өзіме жұғысты болыпты» дейді.
Сондай-ақ тілдесу барысында Дәурен биыл әкесі Бексұлтан Байкенжеевтың жетпіс жылдығына орай деректі фильм дайындап жатқанын жеткізді. Әзірге сценарийін жазып, біткеннен кейін туған елге келіп, әкесі жайлы естеліктер жинамақшы. Осылайша әкеге деген сағыныштан туған деректі фильм жетпіс жылдыққа орай арнайы ұйымдастырылатын еске алу шарасында көпшілік назарына ұсынылмақ. Иә, ол – туғаннан көкейіне күй, жүрегіне жыр құйып, сырлы әуезбен тербеліп өскен өз перзенті туған мекенін әнге қосты. Оның – әсем әуендері тыңдарман жүрегінен орын алып, әуелеп кетті. Ол – қазақтың Бексұлтаны еді. Өмірден ерте кетсе де, артында өшпестей музыкалық мұра қалдырды. Әке ізін жалғаған Дәурені де есейіп, Нұр-Сұлтан шаһарында елордалық жастарға тәлім беруде.
Ең бастысы, Дәурен Бексұлтанұлы өзінің жастайынан ойға алған армандарының Елорда да орындалғанына қуанышты. Өйткені мәдениет пен өркениеттің ордасына айналған Нұр-Сұлтан шаһары бүгінде күн санап көркею үстінде. Сөз соңында Дәуреннен бұрынғы Астана бүгінгі Нұр-Сұлтан жайлы пікірін сұрадық.
– Астанаға Елбасының есімін бергені Тұңғыш Президенттің мемлекеттің қалыптасуына сіңірген орасан зор еңбегіне көрсеткен құрмет деп білемін. Себебі бұрынғы Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан Елбасының төл туындысы. Бүгінде еліміздің барлық өңірі осы Елордаға қарап бой түзейді. Жарсыратыны жоқ, Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан өз жолында әлем аренасындағы биік белестерді бағындырды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің символы ретінде Елорданы таңғажайып шаһарға айналдырып, әлемге танытты, – дейді жас режиссер.

Әбдісамат ӘБДІШ
07 шілде 2019 ж. 998 0