№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР АСТАНАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

ЖАСТАР АСТАНАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Асқақ Алатау төсінен Сарықарқадай ұлы далаға қоныс аударған бас қала – Астанаға қазір бүкіл әлем назарын тігіп отыр. Елорда шын мәнінде жер жүзінің айтулы қалалары қатарынан орын алды. Күн санап көркейіп, ай санап айшықтанып, жыл санап жайнап келеді. Жиырма жылда жеткен жетістігі – бір ғасырға татиды. Тәуелсіздіктің мәуелі жемісі саналған Астана шаһары аз уақыттың ішінде бой тіктеп, ажарлы келбетімен жаһан жұртының қызығы да, қызғана қарайтын бас ордасына айналды.
Осы тұста, Астана шаһарының 20 жылдығына орай Жаңақорған жастары әсем қаланың сәулетті жерлерін шарлап қайтты. Сан салада жұмыс жасап, аудан әлеуетінің артынуына өзіндік үлесін қосып жүрген жиырмаға жуық жастар еңселі Елорданың ең көрікті жерлеріне тоқтады. Әсіресе Астананың 20 жылдығы Атырау жұрты тарту жасаған жаяу жүргіншілер көпірі өзіндік айшықты келбетімен көптің есінде қалды. Ерекше көпірде естелік суретке түскен жаңақорғандық жастар Қостанай облысының сый-тартуы болған балмұздақтан қалағандарынша алып, шөлін басты. Ал Тұңғыш Президент Елбасының қоры мен кітапханасы орналасқан Назарбаев орталығымен танысып, Ұлт көшбасышының ерен еңбегі дәріптелген көрменің куәсі болды. Сондай-ақ кітапханада «Іdos» роботымен бірге интеллектуалды ойын ойнап, білім бәйгесіне қатысты. Жеделдетілген технологияға негізделген құлтемірдің қазақы менталитетке сай жасалуы жастар қауымын қызықтырды.
– Мемлекеттің осындай мүмкіндік жасағанына қуаныштымыз. Аудан жастарының басын қосып, Астананың 20 жылдығына арнайы саяхат ұйымдастырушы тарапқа айтар алғысым зор. Саяхат барысында бас қаланың сәнді де сәулетті ғимараттары мен зәулім нысандарын көріп, Елорда аз ғана уақытта үлкен жетістікке жеткенін сезіндім. Астананың абыройы асқақтай берсін!, – дейді «Жаңақорған тынысы» газетінің фотографы Өмірбек Бектемір.
Соңыра мерекеге орай алаңда ұйымдастырылған концертке қатысып, қазақ эстрада жұлдыздарының ән шашуы мен отшашуын тамашалап, көтеріңкі көңіл күйде Сыр еліне аттанды. Қорыта айтқанда, аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Арман асуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болған саяхат жаңақорғандық жастардың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз.
Самат КЕРУЕНБЕКТЕГІ.
14 шілде 2018 ж. 1 235 0