Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АТЫРАУДА АҚОРДАНЫҢ КӨШІРМЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ

АТЫРАУДА АҚОРДАНЫҢ КӨШІРМЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ


Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Астананың 20 жылдығына орай елорданың белгілі ғимараттарының көшірмесін жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Архитектуралық нысандарды оқушылар «Ел жүрегі - Астана» мерекелік онкүндігі аясында жасаған. Барлық макеттерді жасау үшін бірнеше келі поливинил хлорид қалқаны (ПВХ) және кәдімгі желім пайдаланылған. Онға жуық макеттер арасында әйгілі Бәйтерек, Хан шатыр, Көлік және коммуникациялар министрлігінің ғимараты, «Северное сияние» көп қабатты тұрғын үй кешені, халық арасында пирамида аталып кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорда резиденциясы да бар.
«Оқушылар бұл макеттерді өнер сабағында дайындады. Алдымен әр нысанның сызбасын жасап алдық. Содан соң керек материалдардың көлемін анықтадық. Топтық жұмыстың нәтижесінде осындай бұйымдар шығады», - деді өнер пәнінің мұғалімі Данияр Олжағалиев.
Ұстаздың айтуынша еңбек сабағында жасалған бұл туындылар балаларды тек қолөнерге машықтандырып қана қоймай олардың математикадағы және бейнелеу пәндерінде алған білімін тәжірибеде пысықтауға мүмкіндік береді. Қол маторикасына жағымды әсер ететін бұл жұмыс түрі баланың қиялына ерік беріп, оқушы мен ұстаздың арасында еркін қарым-қатынастың орнауына септігін тигізеді.
Оқушылардың қолынан шыққан сәулетті нысандардың арасында көзді елең еткізетіні – Елбасының Ақорда резиденциясы. Мұны оқушылар шамамен он күнде аяқтаған. Бірі Ақорданың қабырғасын тұрғызса, енді бірі ғимарттың терезелерін ұқыптылықпен орнатқан. Көшірменің түпнұсқаға ұқсауы үшін балалар түрлі түсті бояулар мен 12 вольттық диод шамдарын пайдаланған. Ақорданың салмағы 5 келі. Ұзындығы 1,5 метр, ал ені 1 метрге жуықтайды.
«Мен үшін бұл ғимаратты жасауда ешқандай қиындық туған жоқ. Біздер әуелі топқа бөлінген соң әркім ғимараттың белгілі бөліктерін дайындауға жауапты болды. Ақорданың құрлысын барлығымыз бірге аяқтадық. Нәтижесі менің көңілімнен шықты», - деді макетті құрастырған Дана Қуанышева.
Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл арт-галерея көрме ретінде жыл аяғына дейін жұмыс істейді.
12 маусым 2018 ж. 1 107 0