№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫН ТАНУДЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫН ТАНУДЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

   Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихшылар мен басқа да қоғамдық ғылым өкілдеріне ерекше серпін беретін, тарихи сананы жаңғыртып, халқымыздың өткені мен бүгінін және болашағын айқындайтын бағдарламалық мақала болды. Демек, төл тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, өзіміз ғана біліп қоймай, алты құрлыққа айбынды тарихты танытуымыз қажет. Мақала шын мәнісінде еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, үшінші мәрте жаңғыртушылық мәнге ие бағдарлама болып отыр.

   Біріншісі «Мәдени мұра» – тари­хымыздың ақтаңдақ беттерін қалпына келтіру болса, екіншісі «Рухани жаңғыру» – ұлт тарихын жаңаша көзқараста жазу болды. Ал, үшіншісі «Ұлы даланың жеті қыры» – даңқты тарихымен ұрпақтар мақтанатын, ата-бабалар ерліктерін мақтанышпен айқын насихаттайтын тарихи бағдарлама. Сондықтан, Елбасы Ұлы Даланың жеті қыры арқылы, ата-бабалардың әлемдегі барлық өркениеттің бастауында тұрғанын тілге тиек етті. Ұлт көшбасшысы мақалада мысалға келтірген дәйектері немістердің, италияндықтардың немесе үнді халықтарының тарихындағы жетістіктерінен асып түспесе, кем емес деп айтқан болатын. Демек, мақаланың да мақсаты – қазақ тарихының әлемдік өркениеттегі орнын айқындату болып отыр.
«Ұлы даланың жеті қыры: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақ елі – алма мен қызғалдақтың Отаны», деп шегелеп айтуында үлкен мән бар. Мәселен: ата-бабамыздың әлемдік өркениетке қосқан үлкен жетістігінің бірі жылқыны қолға үйрету еді. Ең алғаш атқа міну қазақ жерінде басталғаны Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Оған қоса, Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны. Металды балқытып, одан бұйым жасауды ата-бабамыз осыдан сан мың ғасыр бұрын меңгерген. Оны археологтар ғылыми тұрғыда дәлелдеп келеді, қаншама құнды жәдігер табылды. Елбасы «аң стилі» – ата-бабамыздың рухани байлығының айшықты белгісі» деген болатын. Біздің өңірімізде ерте темір дәуірінде Арал өңірі мен Сырдария бойында сақтар мекендеген. Жерлеу орындарынан бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс, жыртқыш құс, түйе бейнеленген аң стиліндегі жәдігерлер табылды. Төртінші қыры – қазақ даласының феномені Алтын адам. 1969 жылы Есік қорғанынан табылды. Алтын адам дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын дәлелдейтін бай мифологияны паш етті. Біріншіден, сол дәуірдегі қолөнердің дамығанын айғақтайды. Екіншіден, қойнауы қазынаға бай еліміздің металы сол кездің өзінде сұранысқа ие болғанын дәлелдеп отыр. Бесінші қырында «Түркі – әлемнің бесігі» деп осынау ұланғайыр жер ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Еуразия кеңістігінде Түркі халықтарының үстемдік құрған кезеңінде Ұлы Жібек жолы өз гүлдеуінің даму шегіне жетті. Осылайша жалпы жаһандық деңгейде экономика, мәдениеттің өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. Ұлы даланың жетінші қырын «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» деп көрсетті Елбасы. Бүгінде Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені халықаралық сараптама арқылы дәлелденіп отыр. Дүние жүзі үшін өзіндік мән-маңызы зор алма мен қызғалдақ осы қазақ даласынан өсіп-өніп, жер жүзіне таралған.
Түйіндей келгенде, Елбасы мақаласы арқылы бүгінгі қазақтардың тарихи санасын жаңғыртып, күнделікті өмірде өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қызмет ететіні сөзсіз. Ұлттың бойындағы әлі ашылмай, іске қосылмай жатқан ресурстарын ашу қай халыққа болса да оңайға тимеген. Өскелең ұрпақтың міндеті тұңғыш Президентіміздің мақаласын іске басшылық ретінде қабылдауы болып табылады. Сондай-ақ мақаланың келесі бір астары ұзақ жылдар отарлық санаға тән ұлттық кемшіндік психологиясын еңсеру екені де сезіліп тұр.

Қуандық ҮСЕНБЕКОВ,
№110 мектеп-лицей мұғалімі,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистранты.

18 маусым 2019 ж. 1 150 0