Соңғы жаңалықтар

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

№53 (8867) 19

19 шілде 2025 ж.

№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » АДАМ ҚАСИЕТІМЕН СЫЙЛЫ

АДАМ ҚАСИЕТІМЕН СЫЙЛЫ


Қазақ ұғымындағы адамгершілік - адам бойындағы саналылық, ізгілік, лайық істеп, лайықты сөйлеу, ар-ұят, жоғары адами қасиет мәдениеттілік, мейір-шапағаттылық, үлгі-өнегелілік, бауырмалдық, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болып, өнер-білімді ардақтап, жақсыға сүйініп, жаманнан жирену, уәде-сертке беріктік, кеңпейілді және кешірімді болу ұғымдары.

Арамзалық - ішмерездік, алаяқтық, залымдық, сырттай қарағанда момақан көрініп, жасырын қастық ойлау, өзгелердің игілігіне білдірмей зиян келтіру, құпия айла-шарғы істеу, біле тұра басқалардың игілігін, қуанышын жасырып, елдің ізін аңдып, жақсылығын көрмеушілік.
Хайуандық - ар-ұяттың болмауы, ессіздік, санасыздық, жауыздық, надандық, құлқынқұмарлық, обырлық, бейбастақтық, талғаусыздық тыйылмаушылық, былық-шылықтан жиренбеушілік, обал-сауапты білмеушілік, ақ-қара, адал-арамды айырмаушылық, қатыгездік, қара ниеттілік, тексіздік, намыссыздық.
Тәрбиесіздік - адамға лайық тәрбие алмағандық, жақсы үлгі-тағылым көрмегендік, рухани жан дүниесі жұтаңдық, ар-ұятты, келер-кетерді білмеушілік, адамгершілікті, салт-дәстүрді ұқпаушылық, көргенсіздік, тәртіпсіздік, менмендік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, көрсеқызарлық, іштарлық, қызғаншақтық, байлық пен шенқұмарлық.
Бұл ұғымдарды жете түсіну адамдарды адамгершілікке, ізгілікке баулып, әртүрлі жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбекшіл, мұратты, адамгершілігі жоғары, ақыл-ойы терең азамат болып өсіп-жетілуге дағдыландырады.
26 сәуір 2019 ж. 2 307 0