«ЖОМАРТ ЖҮРЕК»
Изатулла ҮСЕНОВ,
«Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» делінген. Расында «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Қашанда ұлттық мұратты ұстанған тұлға бойындағы елдік мінез адам болмысының туған жер, өсіп-өнген өлкесіне деген азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Осы тұста, қашанда бұқараға жасаған жақсылығын жасырып және бір ізгілікті істің ұйытқысы болуға дайын тұратын жомарт тұлғалар бар. Бірақ, көп емес. Міне, сондай жомарт жандардың бірі – Изатулла Үсеновты аудан тұрғындары жақсы біледі.
Әсіресе, Қожакент ауылында өтетін қандай да шараның басы-қасында жүретін ауыл азаматының елге еткен еңбегі ерен. Ол алдына барғанды құр қайтармайтын атымтай жомарттың нақ өзі. Сондықтан, ол биыл «Жыл меценаты»
деген атаққа лайық деп танылды.