№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЖИЫНЫ

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЖИЫНЫ

   М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде "Жаңақорған жастары жарқын болашаққа" атты аудан жастарының форумы өтті. 2018 жылды қорытындылап, жеткен жетістіктермен алдағы жоспарларды саралаған жастар жиынына біршама қонақтар келді.
      Алдымен, облыс орталығынан, Түркістан өңірі мен көршілес Шиелі ауданынан келген делегат "Жас Проджект" жобасы арқылы жеңімпаз атанған жастардың ұсынған көрмесін тамашалап, жоғары баға берді. Жастар форумының алғы сөзін алған аудан әкімі Ғалым Әміреев:
    – 2018 жыл аудан жастары үшін табысты жыл болды. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы жастардың саны өсіп, жұмыссыздық деңгейі азайды. Былтырғы жылдың қорытындысымен Жаңақорғанда жас кәсіпкерлердің саны 530-ға жетті. Ит жылында 247 жас жұмыспен қамтылды. Биылғы меже бұдан да биіктен көрініп, ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосу керек. Біз жастарға сенемі, өйткені жастар біздің болашағымыз, – деп ізгі тілегін білдірді.
     Форумға арнайы "ЮНЕСКО-ның" Қазақстандағы вице-президенті Ғани Бисенбаев, Түркістан облысы ауыл жастары одағының төрайымы Сабира Байзақова, "Содружество Қызылорда" қоғамдық қорының әлеуметтік-кәсіпкерлікті дамыту жобасының жетекшісі Азамат Жаппасов, "Жас Проджект" жобасының Қызылорда облысы бойынша кардинанты Баян Егізбаева және Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов қатысып, тың жобалар, жаңа идеялармен бөлісті. 
Сондай-ақ, аудан жастары да сөз алып, келешекке құрған жоспарларын таныстырып, болашаққа нық қадам басуға шақырды. Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар...
    Сөз соңы. Елбасы биылғы жылды "Жастар жылы" деп жастарға мол мүмкіндік берді. Меже бар, ендігі жерде көштің соңынан қалмай, елдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне ат салысу қалды. Ал, жастар алға!



10 қаңтар 2019 ж. 1 644 0