Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Ел ертеңі жастардың қолында

Ел ертеңі жастардың қолында

«Жастар жылы» дегенде Елбасының «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», деген өсиеті еріксіз еске түседі. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі – бүгінгі жастар екені анық.
Осы тұста, Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Маңызды құжатта жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналу қажеттігін ескеріп, «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – деді.
Мемлекет басшысының бұл бастамасы қазақ жастарының болашаққа деген сенімділігін арттырып, келешегінің кемелденуіне зор мүмкіндік тудырады. Біз осы жылдың арқасында жастардың жұмыссыздығы азайып, олардың алға қойған бастамаларының жүзеге асатынына сенімдіміз. Қай мемлекеттің болмасын ертеңі жастардың қолында. Демек, ел ертеңінен үміт күткен жастардың болашағы жарқын болары сөзсіз.

Санжар Нұржанов.
23 қаңтар 2019 ж. 1 529 0