№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ


– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық береді. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайынның тұрмысының түзелуіне үлкен септігін тигізеді. Оған қоса, ел ертеңі жастар қауымының да келешегіне қуатты қолдау бар. Мәселен, Жолдауда 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды.
Сонымен қатар, Елбасы 2050 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуды меже етіп отырғанын жеткізді. Осы тұста, Президент кешегі Жолдауында ел экономикасын дамыту мақсатында қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс екендігін айрықша атап өтті. Ұлт көшбасшысының ұстанған сындарлы саясаты арқасында елімізде әманда тыныштық пен береке болып, ынтымағы жарасқан қоғам Жолдаудан туындаған басым бағыттарды бағдарға ала отырып, биік белестерді бағындырары айқын. Қорыта айтқанда, халықтың табыс пен тұрмыс сапасының артуы – Тәуелсіз мемлекеттің мәңгілік мұраты.

Ерғали ИЛЬЯСОВ,
аудандық мәслихат хатшысы:
09 қазан 2018 ж. 979 0