№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастарға жаңа мүмкіндік

Жастарға жаңа мүмкіндік


Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар. Сондықтан Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастарға басымдық көбірек берді. Келер жылды «Жастар жылы-2019» деп атады. Кәсіпке ынталы азаматтар мен жоғары оқу орнын тәмамдаған мамандық иелерін мейлінше жалақысы көп қызметке орналастыруды тапсырды. Ендігі жастардың міндеті сапалы білім алып, әрбір саланың өрісін кеңейту жолында қызмет атқара білуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, артылған сенімге селкеу түсірмей, міндеттемелерге жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Қазір жастардың көбі бизнеске бет бұрды. Әсіресе, «Жас ПРОДЖЕКТ» жобасы олардың екінші тынысын ашты. Жаңақорғандық белсенді жастар жоба аясында үздік нәтиже көрсетіп, 69 грантты жеңіп алды. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс аясында кәсіпкерлікке оқыту курсы мен бизнес жобалар байқауы, жастардың кәсіпкерлік сауаттылығы мен бизнес бастаудағы ынта жігерін арттыру мақсатында түрлі шаралар өтуде. Олардың бойында рухани тәрбиелік құндылықтар жетілдіру барысында «Тарихымды танып білгім келеді» тарихи-танымдық саяхатын ұйымдастырған болатынбыз.
Түйіндей айтқанда, келер жылы жастарға арналған мүмкіндіктер алаңына қосылуға үлкен жол ашылады. Артылған сенім мен үмітті ақтау, белгілі нәтижелерге жетіп, тозатын емес, озатын сала маманы атануды басты назарда ұстауымыз шарт. Оған жастардың ерік-жігері, қажыр-қайраты жетеді.

Әліби КӨШЕРБАЕВ,
«Арман асуы» қоғамдық
қорының төрағасы.
13 қазан 2018 ж. 1 766 0